04.06.2014, 23:28 2986

Қызылордада балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол орталығы ашылды

Қызылорда қаласында 2012-2022 жылдырға арналған ҚР балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламасы аясында жеркілікті "Қайсар" футбол клубына болашақ футбол жулдыздарын даярлайтын орталық ашылды.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. Қызылорда қаласында 2012-2022 жылдырға арналған ҚР балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламасы аясында жеркілікті "Қайсар" футбол клубына болашақ футбол жулдыздарын даярлайтын орталық ашылды.

Жас футболистердің орталығы осымен елімізде 13 болып тіркелді, деп ҚР Футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Футбол федерациясының спорт директоры Қанат Мұсатаевтың айтуынша, "Қайсар" ФК жанынан ашылған орталықта 200-ден астам жас футболистер жаттығуда. Ал, 12 бапкер оларды жарыстарға дайындаудайтын болды. Сонымен қатар, спорттық-медициналық дайындыққа ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда арнайы мамандарды тарту жүргізілуде.

"Балалар мен жасөспірімдердің кәсіби футбол орталығының ашылуы Қызылорда облысы жетекшілігінің қатысуымен мүмкін болып отыр. Соның арқасында жергілікті футбол инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жасалынды. Бұл мәселенің республика бойынша күнтәртібіндегі дүние екені анық", - дейді Қ.Мұсатаев.

Осылайша Қазақстан футбол федерациясы балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, соның ішінде оны өңірлерде қолға алуда нақты қадамдарды жасауда. Еліміздегі футбол сайыстарының үштен бірі балалар мен жастардың қатысуымен өтетінін ескерсек, бұл мәселенің кезек күттірмесі анық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны