02.06.2009, 16:43 2718

Қызылордада банк қызметімен заңсыз айналысу жөніндегі айыппен қылмыстық іс қозғалды

Қызылордада банк қызметімен заңсыз айналысу жөніндегі айыппен қылмыстық іс қозғалды

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада банк қызметімен заңсыз айналысу жөніндегі айыппен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша ЭСЖҚД сақтандыру компаниясының өкілі азамат Ш. қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-тармағының "б" тармақшасы бойынша (Заңсыз банк қызметі) қылмыстық іс қозғалды. Ол арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) қала тұрғындарына 20 пайыздық үстемақымен несие беріп, кепілге тұрғындардың жылжымайтың мүліктерін нотариус арқылы қабылдап, кейіннен несиені уақытылы қайтармаған жағдайда ол мүліктерді сатып жіберген. Нәтижесінде азаматтарға залал келтіріп, 7,9 млн теңге пайда тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны