30.11.2017, 14:16 13385

Қызылордада "Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!" атты спорттық бұқаралық шара өтті

Қызылорда облысыныӊ дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ ұйымдастыруымен "Евразия" спорт кешенінде 1 желтоқсан ҚР Тұӊғыш Президент күніне арналған "Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!" атты спорттық бұқаралық шара өтті.

Қызылорда. 30 қараша. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ ұйымдастыруымен "Евразия" спорт кешенінде 1 желтоқсан ҚР Тұӊғыш Президент күніне арналған "Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!" атты спорттық бұқаралық шара өтті.

Тәуелсіз Қазақстанныӊ қалыптасуынан бастап мемлекеттіӊ өркендеуі жолындағы игі жұмыстар еліміздіӊ тұӊғыш Президентініӊ бастамасымен жүзеге асты. Бірінші мәрте өткізілген шара аясында 1000-ға жуық спортшы гимнастикалық жаттығулар жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлгі болды.

Шара барысында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов айтулы мерекемен құттықтады. Облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов пен басқарма басшысы Олжас Акимов спорттыӊ дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер мен спортшыларды облыс әкімініӊ алғыс хатымен марапаттады. Олардыӊ ішінде қазақ күресінен 2 дүркін Илем чемпионы Ғалымжан Абдрахманов, ауыр атлетикадан Азия ойындарыныӊ чемпионы Исем Садықова, пауэрлифтингтен Илем чемпионатыныӊ күміс жүлдегері Ұлан Инуар болды.

Сондай-ақ, облыстыӊ жетекші спортшыларыныӊ қатарында мәнерлеп сырғанаудан қысқы Азия ойындарыныӊ қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева да айтулы шараға қатысып, мерекені ұлықтады.

Президент күні мен бұқаралық спортты насихаттауға арналған шара Ибрагим Ескендірдіӊ "Көк тудыӊ желбірегені" әнімен қорытындыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны