26.06.2017, 17:50 9561

Қызылордада демалыс және мәдени парктіӊ тұжырымдамасын жасау бойынша конкурс жарияланды

Конкурстыӊ мақсаты - қалалық мәдени және демалыс паркін дамытудыӊ негізгі бағыттарын анықтау, халық демалу үшін қолайлы шарттарды қамтамасыз етуді қалалық саясатты іске асыру, оны көріктендіру.

Қызылорда. 26 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласы әкімдігініӊ қолдауымен қалалық мәдени және демалыс паркін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу бойынша конкурс жарияланады.

Конкурстыӊ мақсаты - қалалық мәдени және демалыс паркін дамытудыӊ негізгі бағыттарын анықтау, халық демалу үшін қолайлы шарттарды қамтамасыз етуді қалалық саясатты іске асыру, оны көріктендіру. Мәдени және демалыс парктіӊ аумағын орналасуы бойынша эскиздік жобаларды және тұжырымдылық жақсы идеяларды айқындау. Жақын уақытта парктіӊ даму тұжырымдамасын қалыптастыру. Біріншіден үміткерлер парктіӊ болашағын қандай көретіндігі жөнінде егжей-тегжейлі эссе ұсыну керек. Болашақ конкурсқа қатысушылар тек ландшафтык және сәулет құрастыру әзірлеу ғана емес, сонымен қатар,жоба парктіӊ қаржыландыру ерекшелігін ескере отырып, экономикалық болмысына сәйкес келуі қажет.

Конкурстыӊ шарттары бойынша қатысушылар қоғамдық кеӊістік эскиздік жобасын, жобаныӊ сипаттамасымен тұжырымдамасын, оған қоса одан әрі жобаныӊ тұрақтылығыныӊ негіздемесін ұсыну қажет.

Конкурстыӊ форматы: республикалық, халықаралық.

Өткізу мерзімі: 2017 жылдыӊ 15 мамырдан бастап 22 шілдеге дейін.

2017 жылдыӊ 15 мамырдан бастап 15 шілдеге дейін Қызылорда қаласы, Казыбек би көшесі 26 мекен - жайында өтінімдерді қабылдау басталады.

Конкурстыӊ нәтижелер шығарылады: 2017 жылдыӊ 30 шілде.

Конкурсқа қатысуға шақырылады: қоғамдық кеӊістік инженерия саласындағы басқаруды, жарнамалық агенттіктер, ойын-сауық индустрия, мәдени бағдарламалау, экономика, қаржы, әлеуметтану, экология, табиғатты пайдалану мамандарды өз командаға тарта алатын казақстандық және шетелдік сәулетшілер, дизайнерлер, жоспарлаушылар.

Қосымша ақпараттарды 8(7242) 26-19-41, 8-705-338-77-11 телефондарынан білуіӊізге болады,- деп хабарлайды Қызылорда қаласыныӊ әкімдігі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны