18.10.2017, 19:29 4679

Қызылордада ферроқорытпа зауытын салу жобасын іске асыру бағытында жұмыс жүргізілуде

ҚР Үкіметініӊ баспасөз орталығында Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбк Көшербаевтыӊ баспасөз конференциясы өтті.

Қызылорда. 18 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметініӊ баспасөз орталығында Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбк Көшербаевтыӊ баспасөз конференциясы өтті.

Облыс әкімініӊ айтуынша, өӊір экономикасыныӊ дамуына Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы тыӊ серпін берген. Бағдарлама аясында аймақта 20 жоба жүзеге асса, оныӊ 16 толық қуаттылығында жұмыс істеуде. Қызылордада соӊғы жылда ҮИИДБ кәсіпорындары өндірген өнім экспорты 23% артып, импорттаушы мемлекеттер саны 8-ден 11-ге жетті.

- Жүзеге асырылған жобалардыӊ сапасын арттыру мақсатында біз Индустрияландыру картасына түгендеу жүргізіп, тиімсіз және экспорттық әлеуеті төмен, бәсекеге қабілетсіз жобаларды алып тастадық. Қалған жобалар бойынша нақты жұмыс атқарылуда. Мәселен, келер жылы облыста молибден үш тотығын шығаратын кәсіпорын іске қосылады. Өнім экспортыныӊ негізгі көлемі Жапонияныӊ үлесінде болады. Алдағы жылдыӊ шілде айында шыны зауытыныӊ алғашқы өнімін шығаруды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, келер жылы құрылыс саласында ғана емес, мұнай-газ және уран өндіруде кеӊінен қолданылатын тампонажды цемент шығаратын зауытты да іске қосамыз,-деді облыс әкімі.

Бұл кәсіпорындардыӊ барлығыныӊ экспорттық әлеуеті жоғары, жаӊа технологиялар енгізілген.

Жалпы, аймақ дамуында оӊ динамика бар. Ірі жобалар жүзеге асуда.

- Британдық инвесторлармен бірлесіп "Баласауысқандық" ванадий кен орнында қара тақта тасты автоклавта өӊдейтін жоба жүзеге асырылуда. 110 тонна аммоний метаванадатын Тайваньға экспорттап үлгердік. Бұдан бөлек, қазір Қызылордада ферроқорытпа зауытын салу жобасын іске асыру бағытында жұмыс жүргізілуде. Қыркүйек айыныӊ соӊында түркиялық "Y?ld?zlar SSS Holding" компаниясымен бірлесіп, аймақта 2 ірі нысан құрылысын бастау туралы шешім қабылданды. Оныӊ бірі - жылдық қуатылығы 27 млн. шаршы метр керамикалық тақта және керамогранит шығаратын зауыт, екіншісі - қуаттылығы 138 МВт/сағ болатын газ поршеньді станциясы. Керамикалық тақта шығаратын зауыт осы өнімді жасайтын Қазақстандағы ірі өніріс орны болады. Ал, газ поршеньді электр станциясыныӊ іске қосылуы электрмен қамтамасыз етуді жақсартып, аймақта өнекәсіптіӊ дамуына мүмкіндік береді, - деді Қырымбк Көшербаев.

EXPO-2017 көрмесінен кейін өӊірде түрлі салаға жаӊа технологияларды енгізуге бағытталған 20 жобаны іске асыру басталды. Оныӊ ішінде 11 жоба тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты.

- Облыста 2 жоба, атап айтқанда Жаӊақорған ауданында қуаттылығы 50 мВт болатын күн электрстанциясы мен қуаттылығы 24940 кВт болатын "Бәйтерек-25" жел электрстанциясын салу жобалары.

"Шалқия" қорғасын-мырыш кен орнында таукен байыту комбинаты мен газтурбиналық электрстанциясыныӊ құрылысын бастадық. 2019 жылдан бастап таукен байыту комбинаты 2 млн.тонна, ал 2020 жылға қарай 4 млн. тонна кен өӊдейтін болады. Комбинаттыӊ іске қосылуы 1500 жаӊа жұмыс орныныӊ ашылуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, осында гидрометаллургиялық зауыт құрылысы жобасын дайындау ісі басталды, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Сондай-ақ, Қызылорда облысыныӊ әкімі ауыл шаруашылығын әртараптандыру мен ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ экспортын арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту және жаӊа жұмыс орындарын құру, аймаққа қат мамандықтар бойынша кадр дайындау бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы да айтты.

Баспасөз конференциясына облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен бірге түрлі салада табысқа жеткен қызылордалықтар да қатысты. Конференция соӊында аймақ басшысы мен басқа да қатысушылар журналистердіӊ сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны