01.06.2010, 15:07 3537

Қызылордада қаржы полициясының қызметкеріне пара бергені үшін Мемсанэпидқадағалау департаментінің директоры мен бөлім бастығы ұсталды

Қызылордада қаржы полициясының қызметкеріне пара бергені үшін Мемсанэпидқадағалау департаментінің директоры мен бөлім бастығы ұсталды

Қызылорда. 1 маусым. Kazakhstan Today - Қызылордада қаржы полициясының қызметкеріне пара бергені үшін Мемсанэпидқадағалау департаментінің директоры мен бөлім бастығы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс прокурорының аға көмекшісі Сая Темірбекованың брифингте мәлім еткен хабарламасына сілтеме жасап.

"Жуырда Қызылорда облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің ғимаратында қаржы полициясының қызметкеріне "қаржы полициясының тексеру қорытындысы бойынша оң шешім шығарту үшін" 200 мың теңге көлемінде пара бергені үшін бөлім бастығы ұсталды", -деді С. Темірбекова.

Оның айтуынша, "бұл деректер бойынша қаржы полициясы департамент директоры мен бөлім бастығының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 312-ші бабы (пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғап, айып тағылды".

Соттың қаулысымен Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры қамауға алынды, ал айыпталған бөлім бастығы үй қамауда отыр. Қаржы полициясы бұл қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Қылмыстық іс облыстық прокуратураның қадағалауында", - деді С. Темірбекова.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, биыл Қызылорда облыстық соттары сыбайлас жемқорлыққа қатысты 31 қылмыстық істі қарады, оның 26-сы мемлекеттік қызметкергерге, ал бесеуі - құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты.

Сотталғандарда арасында Халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары, ауылдық округ әкімі, пошта бөлімшесінің бастығы, спорттық мектеп директоры, метрология орталығының директоры, учаске инспекторы мен судья бар.

"Шиелі аудандық сотының үкімімен Жанақорған аудандық сотының бұрынғы төрағасы Т. Жұбанғанов ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 4-тармағы (ірі көлемде пара алу) бойынша айыпты деп танылды. Аудандық соттың төрағасы бола тұра, Жұбанғанов "қылмыстық істі оң шешу үшін" пара түрінде 120 мың теңге алған", - деді С. Темірбекова. Оның айтуынша, "білім беру саласында 16 сыбайлас жемқорлық қылмысы ашылды (оның 12-сі мектеп директорлары), қылмыстық жауапкершілікке жергілікті атқарушы билік органдарының 23 қызметкері, ішкі істер органдарының 17 қызметкері, қылмыстық-атқару жүйесінің 3 қызметкері тартылды".

"Прокуратураның таныстыруымен Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б. Бисенбаев, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары А. Налибаев, "Қызылорда водоканал" МКК директоры Т. Санахов, "Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" ҚКК директоры К. Мырзахметов, Арал-Сырдария бассейндік су шаруашылығы инспекциясының бастығы А. Карлыхановтар түрлі тәртіптік жауапкершілік жүктеді", - деді С. Темірбекова.

Прокуратураның мәліметінше, жылдың басынан бері 136 тексеру жүргізілді, оның барысында 400-ден астам заң бұзушылық анықталды, 70 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, мемлекеттік кіріске 10 млн астам теңге өндіріп алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны