26.06.2017, 11:12 4063

Қызылордада "Қазақстанныӊ үздік тауары - 2017" өӊірлік көрме-байқауы өткізілді

Биылғы жылы Сыр өӊірінде өткізілген өӊірлік байқауға аймақ кәсіпкерлігініӊ түрлі саласынан 30-ға жуық тауарөндіруші қатысса, ал көрмеге 30-ға жуық тауарөндірушілер қатысты. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған басшылар жергілікті тауар өндірушілердіӊ өнімдеріне жоғары бағасын берді.

Қызылорда. 26 маусым. Kazakhstan Today - Қызылордада облыстық кәсіпкерлер палатасыныӊ ұйымдастыруымен "Қазақстанныӊ үздік тауары - 2017" өӊірлік көрме-байқауы өткізілді.

Президенттік "Алтын сапа" сыйлығы мен "Қазақстанныӊ үздік тауары" байқауын ұйымдастырып, өткізу 2015 жылдан бастап "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілген болатын.

Биылғы жылы Сыр өӊірінде өткізілген өӊірлік байқауға аймақ кәсіпкерлігініӊ түрлі саласынан 30-ға жуық тауарөндіруші қатысса, ал көрмеге 30-ға жуық тауарөндірушілер қатысты. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған басшылар жергілікті тауар өндірушілердіӊ өнімдеріне жоғары бағасын берді.

Байқауға қатысушылардыӊ өнімдерімен танысып, бағалау жұмыстарын жүргізген сарапшылардыӊ бағалауымен Арал ауданынан қатысқан екі тауар өндіруші кәсіпкерлер де олжалы болып жеӊімпаз атанды, олар: "Үздік азық-түлік тауарлары" номинациясы бойынша: І дәрежелі дипломмен "Арал тұз" АҚ және "Үздік азық-түлік тауарлары" номинациясы бойынша: IІ дәрежелі дипломмен "Арал СДО" ЖШС марапатталды. Бұл туралы аудан әкімдігініӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Көрме-байқау жеӊімпаздары "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен әзірленген арнайы дипломдарымен, статуэткамен марапатталды. Аталған кәсіпкерлер "Қазақстанныӊ үздік тауары - 2017" республикалық көрме-байқауына қатысуға жолдама алды. Жеӊімпаздардан өзге көрме-байқауға қатысушылардыӊ барлығы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтіӊ алғыс хатымен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны