10.07.2014, 19:33 3297

Қызылордада көпірдің құрылысы жүруде

"Көпірдің жалпы сметалық құны 5,9 млрд теңгені құрайды. Құрылыс мерзімі екі жылда аяқталуға тиіс", деп Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Сейілхан Тойбазаров мәлім етті.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Қызылорда қаласының бас жоспарында қаралған үш көпірдің біреуінің құрылысы Мұратбаев көшесінде басталып кетті.

"Көпірдің жалпы сметалық құны 5,9 млрд теңгені құрайды. Құрылыс мерзімі екі жылда аяқталуға тиіс", деп Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Сейілхан Тойбазаров мәлім етті.

Одан бөлек, облыс орталығының Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында орналасқан "Сыр Ана" кешенінің аумағын абаттандыру жобасы әзірленді. Сонымен бірге, рәміздер алаңының эскиздік жобасы әзірленіп, мақұлданған. Рәміздер алаңы ҚР Тұңғыш Президенті атындағы парктің төрінде орналастыру көзделіп отыр. Еліміздің туы орналасқан флагштоктың биіктігін 30-40 метрге жеткізу жоспарлануда.

Қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан жоба-сметалық құжаттамалар әзірленіп, құрылыс жұмыстарын биыл аяқталуы тиіс, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны