30.11.2017, 14:14 13091

Қызылордада кореяныӊ белгілі фотографы Ким Джин Соктыӊ фотокөрмесі өтті

Тыӊ деректерге сүйенсек, Қазақстанға 30856 адамы бар 104 кәріс жер шаруашылығымен айналысқан колхоз көшірілген. Сонымен бірге 13 балық шаруашылығы колхозы, 10782 жұмысшы, 15047 қызметкерлер және тағы басқа мыӊдаған аралас колхоз мүшелері, артель жұмысшылары келді. 1937 жылдыӊ 21-тамызында Кремльдіӊ жасырын жарғысымен корей этносыныӊ өкілдері Қазақстанға жер аударыла бастады. Шалғай Шығыстан 90 эшелонмен 20789 отбасы, яғни 98454 корей этносыныӊ өкілдері көшірілді.

Қызылорда. 30 қараша. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ қолдауымен "Қызылорда корейлер қауымдастығы" облыстық филиалыныӊ ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдыӊ 28 қарашасында Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында "Корейлердіӊ Қазақстанда тұрғанына 80 жыл" атауымен салтанатты кеш өтті. Мерекелік кеш аясында Кореяныӊ белгілі фотографы Ким Джин Соктыӊ фотокөрмесі ұйымдастырылды.

Шараға облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов, Алматы қаласындағы Корея Республикасыныӊ Бас Консулы Чжон Сын Мин, Консул Ли Менг Дже, республикалық корей этномәдени бірлестігініӊ, Қазақстандағы Корея елшілігініӊ жанындағы корей мәдениеті орталығыныӊ жауапты қызметкерлері, Алматы қаласыныӊ "Бидангиль" вокалдық топ, облыстағы этномәдени бірлестіктіӊ жетекшілері мен белсенділері, зиялы қауым өкілдері басқа да конақтар қатысты.

Айта кету керек, корейлердіӊ Қазақстанға көшіп келуі Қазақстанныӊ ауылшаруашылығыныӊ көтерілуіне игі ықпалын тигізді. Тыӊ деректерге сүйенсек, Қазақстанға 30856 адамы бар 104 кәріс жер шаруашылығымен айналысқан колхоз көшірілген. Сонымен бірге 13 балық шаруашылығы колхозы, 10782 жұмысшы, 15047 қызметкерлер және тағы басқа мыӊдаған аралас колхоз мүшелері, артель жұмысшылары келді. 1937 жылдыӊ 21-тамызында Кремльдіӊ жасырын жарғысымен корей этносыныӊ өкілдері Қазақстанға жер аударыла бастады. Шалғай Шығыстан 90 эшелонмен 20789 отбасы, яғни 98454 корей этносыныӊ өкілдері көшірілді.

Солардыӊ ішінде корей халқыныӊ батырлары - Хом Бом До, Ге Бон У бар. Ол кездегі саяси-әлеуметтік жағдай қазақ халқы үшін де оӊай соқпады. Халықты құлазытып кеткен ашаршылық, халық жауы деген жалған айыптар тағылып, саяси репрессиялардыӊ жүргізілуі соныӊ куәсі еді. Олар қазақ халқыныӊ құрметіне сай болу үшін елге, жерге деген ықыластықты білдіру мақсатымен білек сыбана еӊбекке араласты. Исіресе, күріш өсіру шаруашылығында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Осы еӊбектерін елеген басшылық облыс бойынша корей этносыныӊ 28 азаматына Еӊбек Ері атағын берді.

1937 жылы Қиыр Шығыстан жер аударылған корей халқымен бірге келген корей педогогикалық институтыныӊ негізінде Сыр өӊірінде алғаш ЖОО ашылды.

Облыстыӊ бір ғана Шиелі ауданынан 28, оныӊ ішінде Ақмая ауылынан 16 Еӊбек Ерініӊ шығу дерегі сірә кемде-кем шығар. Қазір олардыӊ суреттері Шиелініӊ құрметті азаматтарына арналған аллеяныӊ төрінде ілулі. Түрлі этнос өкілдері қиын-қыстау кезеӊде өзектен теппей, қолтығынан демеген қазақ халқына деген ілтипат пен махаббаттары олардыӊ жүрек төрлерінде мәӊгілікке сақталады.

Осыдан 80 жыл бұрын Сыр еліне Қиыр шығыстан жер аударылған корей этносыныӊ өкілдері барлық замана ауыртпалығын еӊсеруге еселі еӊбегімен өз үлестерін қоса білді. Олар тағдыр теперішіне ұшыраған сәтте құшағын ашып, бауырына басқан жергілікті қазақ халқымен біте қайнасып, ынтымақта өмір сүріп, әр салада еӊбек етіп, ел дамуына елеулі үлесін қосып келеді.

Бүгінгі салтанатты кеште корей этносыныӊ өкілдері облыс әкімі Қырымбек Елеуұлыныӊ атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Салтанатты кеш аясында қонақтар тілектестік сөз сөйлеп, концерт болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны