15.05.2017, 13:55 4301

Қызылордада "Questra Holdings Inc." компаниясын тексеру басталды

Қазір осы істерге қатысты кейбір фактілер айқындалып отыр. Мысалы, компания уәдесіне сенген 113 салымшы белгілі болды. Қызылорда қаласы мен Ийтеке би кентіндегі "Questra Holdings Inc." кеӊесшілері мен олардыӊ көмекшілері тергелді

Қызылорда. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Облыс прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі хабарлағандай сала қызметкерелерініӊ мониторингі нәтижесінде аймақта интернет-платформа арқылы шетелдік "Questra Holdings Inc." компаниясыныӊ қызмет көрсетіп келгендігі анықталды.

Компания өкілдері тұрғындарды жылдық 336 пайыз пайдамен инвестор портфеліне қаржы салуға үгіттеп келген. Олар сондай-ақ, жаӊа инвестор тартқан адамға төленетін ақы мөлшері де жоғары болатынына уәде етіп, жұртты қызықтырған.

Осы арқылы қыруар пайда тауып келген ұйымға салым көлемі 90 - 20 000 еуро аралығында болған. Қаржы пирамидасы жүйесімен жұмыс істеп келген осы компанияныӊ әрекетінен елді сақтандыру, алаяқтықтыӊ алдын алу мақсатында облыс прокуратурасыныӊ ұсынысымен осы жылдыӊ 12 және 15 наурызында Қызылорда қалалық ІІБ және Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінде ҚР ҚК 1 бөлімі, 217 бабымен 2 қылмыстық іс ашылды.

Сонымен қатар, осы жылғы 6 мамырдан бастап мемлекеттік кіріс департаменті мамандары "Questra Holdings Inc." қызметкерлерініӊ үстінен соталды тергеу жұмыстарын бастады.

Қазір осы істерге қатысты кейбір фактілер айқындалып отыр. Мысалы, компания уәдесіне сенген 113 салымшы белгілі болды. Қызылорда қаласы мен Ийтеке би кентіндегі "Questra Holdings Inc." кеӊесшілері мен олардыӊ көмекшілері тергелді. Кейбірініӊ үйіне тінту жасалып, іске тікелей қатысы бар ноутбуктер мен гаджеттер алынды.

Іске байланысты компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалды.

Облыс прокуроры Х. Дәуешов қажеттілігіне қарай кінәлілерді ұстап, қамаққа алу жөнінде тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны