18.05.2017, 14:51 4718

Қызылордада Сырдария өзенініӊ сол жағалауында жаӊа қала салынуда

Қызылорда облысында Сырдария өзенініӊ сол жағалауында жаӊа қаланыӊ құрылысы басталды. Сол жағалауды игерудіӊ алғашқы қадамы ретінде, өткен жылдыӊ соӊында қос жағалауды байланыстыратын ұзындығы 1,2 шақырымдық автомобиль көпірі пайдалануға берілген болатын.

Қызылорда. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында Сырдария өзенініӊ сол жағалауында жаӊа қаланыӊ құрылысы басталды. Сол жағалауды игерудіӊ алғашқы қадамы ретінде, өткен жылдыӊ соӊында қос жағалауды байланыстыратын ұзындығы 1,2 шақырымдық автомобиль көпірі пайдалануға берілген болатын. Ал, бүгін жаӊа қаланыӊ бірінші шағын ауданындағы алғашқы нысандардыӊ іргетасы қаланды. Аймақ басшысы сырбойылықтарды тарихи сәтпен құттықтады.

-Міне бүгін, бастаманыӊ жалғасы - Сырдария өзенініӊ сол жағалауынан 18 көпқабатты тұрғын үйлердіӊ және 320 орындық балабақшаныӊ ірге тасын қалағалы тұрмыз. Еӊ бастысы, бұл нысандар құрылыс компанияларыныӊ өз қаражаты есебінен салынғалы тұр. Ал, жоба құны 742 млн. теӊгені құрайтын 320 орындық балабақшаныӊ құрылысы "Абу-Сер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында жүргізілетін болады. Былтырғы жылы қалада 4 мыӊнан астам пәтерді құрайтын 80 көпқабатты тұрғын үйлердіӊ құрылысы жүргізілді. Бұл күн өткен сайын қызылордалықтардыӊ тұрмысыныӊ түзеліп, әл-ауқатыныӊ артқандығын көрсетеді,-деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев .

Аймақ басшысы бүгіннен бастап халықтыӊ игілігі үшін жасалынып жатқан тыӊ жобалардыӊ лайықты жалғасы, Сұлу Сырдыӊ сол жағалауынан бой көтеретін жаӊа қаланыӊ құрылысы салтанатты түрде басталғанын хабарлады. Осы аумақтан жастар орталығы, неке сарайы, "Болашақ" университетініӊ, онкологиялық орталықтыӊ және жаӊаша салынған Қазақ Орталық Атқару Комитеті ғимаратында қала мұражайы бой көтеретін болады.

2018 жылы бюджет есебінен 320 орындық балабақша, 600 орындық мектептіӊ, сонымен қатар, мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында 500 келушіге арналған емхананыӊ құрылысын салу жоспарлануда. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында, "Шіркейлі" каналы үстінен өтетін көпір, 5 шақырымды құрайтын магистралдық көше, сонымен бірге ұзындығы 7,8 шақырым болатын Сырдария өзенініӊ бойынан жағалау құрылысын жүргізу жоспарланған,- деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны