22.04.2008, 15:23 2674

Қызылордада ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі құрықталды

Қызылордада ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі құрықталды

Қызылорда. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордалық тәртіп сақшылары Байқоңыр қалалық әріптестерімен бірлесе отырып, "Симские" атты ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін құрықтады. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнар Дүйсенова хабарлады.

""Симские" атты ұйымдасқан қылмыстық топтың 34 жастағы жетекшісін ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының оперативтік қызметкерлері ұзақ уақыт бойы аңдуға алған", -деді Г. Дүйсенова.

Оның айтуынша, ұсталғаннның көптен бері есірткі сататыны белгілі. Бірақ тәртіп сақшылары оны қылмыс үстінде қолға түсіре алмай жүрген. Осы жолы ұстау сәтінде қылмыстық топ жетекшісінің қалтасынан тәртіп сақшылары 3,68 грамм героин тәркіледі.

"Алдын-ала тергеу кезінде күдікті есірткіні тұтыну үшін алғанына сендіруге тырысқан. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлерінің пікірінше, мұндай есірткі бір емес бірнеше нашақорды "жарылқауға" жетеді", - деді Г. Дүйсенова.

"Симские" атты ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі тергеу абақтысына қамалды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің сату үшін есірткіні заңсыз сақтау жөніндегі 259-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезінде тәртіп сақшылары оның Арал аймағында ірі есірткі партияланынс ату оқиғаларына қатысы бар-жоқтығын анықтамақшы.

"Жыл басынан бері осындай баппен тағы бір қылмыстық топтың "шыбын" деген лақап аты бар жетекшісі мен "айманчик" лақап аты бар қылмыс әлемінің серкесі ұсталды", -деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны