10.05.2017, 15:56 4980

Қызылордадан 800 азамат отан алдындағы борышын өтеуге аттанады

Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы күштері мен өзге де әскери құрылымдарына қызметін өтеуге 800-ден аса азамат аттанады. Жастарды әскерге шығарып салу іс-шарасы 25 наурыз бен 26 маусым аралығында жүреді.

Қызылорда. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы күштері мен өзге де әскери құрылымдарына қызметін өтеуге 800-ден аса азамат аттанады. Жастарды әскерге шығарып салу іс-шарасы 25 наурыз бен 26 маусым аралығында жүреді. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысыныӊ қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ бастығы, полковник Мұрат Дәулетбақов мәлімдеді.

Оныӊ айтуынша облысқа қарасты аудандар мен Қызылорда қаласында бекітілген жоспарға сәйкес әскер қатарына шақырылушылар, олардыӊ ата-аналарымен алдын ала зерделеу жұмыстары жүргізілді. Іріктеуден өткен 1411 азамат медициналық комиссиядан өтуде.

Сонымен қатар департамент бастығы 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Жеӊіс күнін мерекелеуге қатысты жоспарланған жұмыстарына тоқталды.

- Биыл ҚР Қарулы Күштерініӊ 25 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Осы орайда "25 игі іс" тақырыбында көпбалалы отбасыларына арналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, қос мереке қарсаӊында облыстық филармонияда 8 мамыр күні "Ұлы Жеӊіс - рух айбыны" атты мерекелік концерт өтеді. Ал, әскери қызметшілердіӊ балалары арасында "Искер балалар көзімен" тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылады, - дейді М.Дәулетбақов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны