30.05.2014, 20:57 3400

Қызылордалық 153 түлек Ресейде тегін білім алады

Сынақты сәтті тапсырған 153 оқушы ресейліктердің тағайындаған грантын иеленді.Жерлестеріміздің басым бөлігі металлургия, нанотехнология секілді мамандықтарды таңдап отыр, деп Қызылорда облысының әкімдігінен хабарлады.

Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan today. Қызылордаға Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университетінен арнайы комиссия келіп, 643 мектеп бітірушіден емтихан қабылдады.

Сынақты сәтті тапсырған 153 оқушы ресейліктердің тағайындаған грантын иеленді.Жерлестеріміздің басым бөлігі металлургия, нанотехнология секілді мамандықтарды таңдап отыр, деп Қызылорда облысының әкімдігінен хабарлады.

Бұл оқу орнының студенттері Германия, АҚШ, Франция мемлекеттерінде іс-тәжірибеден өтеді. Төрт жылдан соң бұл мамандар осы саланың жұмысын жандандыру бағытында жұмыс жасайтын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны