14.12.2009, 16:54 4914

Қызылордалық әйел кәмелетке толмаған екі баланы жыныстық мақсатта пайдаланды деген күдікпен ұсталды

Қызылордалық әйел кәмелетке толмаған екі баланы жыныстық мақсатта пайдаланды деген күдікпен ұсталды

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қызылордалық әйел кәмелетке толмаған екі баланы жыныстық мақсатта пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"9 желтоқсанда Қызылорда облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Жаңақорған ауылының 39 жастағы тұрғын әйелін ұстады. Ол кәмелетке толмаған екі баланы Тараз қаласындағы қонақ үйлер мен хауыздарына тартып, жыныстық мақсатта пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Ийелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің кәмелетке толмағандарды саудалау жөніндегі 133-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, "10 желтоқсанда Жамбыл облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 35 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады, ол алдау арқылы Қырғызстан азаматшасын жезөкшелікпен шұғылдануға тартқан. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің жезөкшелікпен айналысуға тарту жөніндегі 270-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім еткеніндей, "адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында 7-11 желтоқсан аралығында республика аумағында "STOP-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді".

"Операция нәтижесінде 1 адам саудасы және кәмелетке толмағандарды саудаға салу, 4 жезөкшелікпен айналасуға тарту, сондай-ақ 27 жеңгетайлық және притон ұстау фактілері анықталды. 55 жеңгетай мен 350-ден астам жезөкшелікпен айналысатындар анықталып, есепке қойылды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны