18.01.2017, 09:29 4306

Қызылордалық полицейлер 3 кг-нан аса есірткі затын сақтаған азаматты құрықтады

Сезікті тұлға оқиға орнында ұсталып, қалалық ішкі істер басқармасыныӊ уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Қызылорда. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - Облыс аумағында өткізіліп жатқан "Өрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлері есірткі затын аса ірі көлемде сақтап жүрген Қызылорда қаласыныӊ 1974 жылы туған тұрғынын анықтап, құрықтады,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

"Сезіктініӊ үйіне тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде есірткі затын пайдалануға арналған құрал, ыдысқа салынған сора өсімдігініӊ тұқымы, газет қиындысына оралған жасыл түсті, өзіне тән ерекше иісі бар өсімдік тектес зат және есірткіге ұқсас заттек салынған сөмке анықталды. Аталған заттар заттай дәлелдеме ретінде алынып, тиісті сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысымен 3 келі 425,17 граммды құрайтын "кептірілген марихуана" екендігі белгілі болды",- делінген хабарламада.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, қазіргі таӊда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 296-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сезікті тұлға оқиға орнында ұсталып, қалалық ішкі істер басқармасыныӊ уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны