05.03.2015, 16:02 3752

Қызылшаға қарсы екпеніӊ миллиардтаған дозасын пайдалану нәтижесінде әлемніӊ бірде-бір елінде қайтыс болу оқиғалары тіркелген емес

Бұл туралы бүгін Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінде өткен Еуропа өӊірінде қызылшаға қарсы екпе жасау мәселелеріне арналған дөӊгелек үстел барысында Испанияныӊ Сантьяго университеттік клиникалық ауруханасыныӊ педиатрия және инфекциялық аурулар бөлімініӊ жетекшісі, доктор Федерико Мартинон Торрес мәлімдеді

Астана. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінде өткен Еуропа өӊірінде қызылшаға қарсы екпе жасау мәселелеріне арналған дөӊгелек үстел барысында Испанияныӊ Сантьяго университеттік клиникалық ауруханасыныӊ педиатрия және инфекциялық аурулар бөлімініӊ жетекшісі, доктор Федерико Мартинон Торрес мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Генетика, вакциналар, инфекциялар және педиатрия жөніндегі зерттеу тобын үйлестіретін маманныӊ айтуынша, екпе жасау - инфекциялық аурулар, оныӊ ішінде қызылшаныӊ алдын алуда жалғыз амал. Вакциналау жасанды иммунинетті қалыптастыруға әсер етеді. Адамда қандай да бір ауруға қарсы иммунитет болмаса, ол қатерлі асқынуларға және өлім-жітімге әкеп соғады.

Қазақстан тұрғындары арасында иммунитеттіӊ жеткіліксіздігі 2014 жылы қызылшаныӊ өршуіне әкеп соқтырды. Осыған байланысты қосымша иммундау шарасын өткізу туралы шешім қабылданды.

Доктор Федерико Мартинон Торрес БАҚ өкілдерін аталған тақырып бойынша екпе мен жағымсыз жағдайлардыӊ байланысы туралы айтқанда қателік жібермеуге шақырды.

Халықаралық сарапшы көптеген пікірлерге қарамастан, қызылшаға қарсы екпе жасаудан зиян болған күнніӊ өзінде ол жұқпалы дертпен ауырғаннан миллиондаған есе аз екенін атап көрсетті.

Профессордыӊ айтуынша, қызылшаға қарсы екпеніӊ миллиардтаған дозасын пайдалану нәтижесінде әлемніӊ бірде-бір елінде кісі өлімі тіркелген емес. "Мұныӊ барлығы халықаралық медициналық әдебиетте құжатталған, мұны естен шығармау керек",-деді Фредерико Мартино-Торрес.

"Екпе әлемніӊ барлық елінде табысты қолданылуда. Соныӊ арқасында 6 млн.-ға тар адамныӊ өмірі сақталып, дертке шалдыққандар саны 1 млн.-ға дейін қысқарды. Бұл - үлкен нәтиже. Ауру жұққан жағдайда 1 мыӊ баланыӊ ішінде біреуі қайтыс болатыны анықталды",-деді сарапшы.

Қазақстанда қызылшаға қарсы жаппай екпе жасау барысында тіркелген жағдайларға байланысты "мұнда әлемніӊ басқа елдерімен салыстырғанда ешқандай жаӊалық және төтенше жағдай жоқ",-деді. Және Грузия болған жағдайды мысалға келтірді. Бұл елде қызылшаға қарсы жаппай иммундау шарасы жүргізілген кезде 493 мыӊ адамға екпе жасалып, жағымсыз жағдайлар 432 адамда тіркелген. Бұл жалпы екпе жасалғандардыӊ 0,1%. Көптеген науқастарда үрейге бой алдырған кезде орын алатын белгілер байқалған. 37% жағдайда екпемен уақыты қатар келген басқа аурулар болған. Бірақ, БАҚ-та иммундау шарасы туралы дұрыс ақпараттыӊ таратылмауы нәтижесінде Грузияда екпемен қамту көлемі азайып, аурудыӊ көбею тәуекелі артты.

Бүгінгі таӊда Қазақстанда екпе жасалған 523 мыӊ адамныӊ ішінде 294 жағдайда жағымсыз көріністер тіркелді. Бұл жалпы егілгендердіӊ жалпы саныныӊ 0,05%.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ведомствоаралық жұмыс тобын құрып, халықаралық сарапшыларды тарта отырып, екпеден кейін байқалған жағымсыз көріністердіӊ әрқайсысы жеке қарастырылуда. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Қазақстанда қосымша иммундау шарасы осыдан 10 жыл бұрын өткізіліп, нәтижесінде елімізде қызылшамен сырқаттанушылық 16 мыӊнан 13 жағдайға дейін күрт төмендеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны