06.04.2015, 17:02 3573

ҚК әскери қызметшілері НАТО штаб-пәтерінде бітімгершілік аясында даярлық мәселесін талқылайды

Қазақстандық әскери қызметшілер Брюссель қаласындағы НАТО-ныӊ штаб-квартирасына барып қайтпақ. Алдағы сапардыӊ мақсаты "Болжау жасау және талдау үдерісі" бағдарламасы аясында еліміздегіалдағы іс-қимыл барысын талқылайтын болады

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстандық әскери қызметшілер Брюссель қаласындағы НАТО-ныӊ штаб-квартирасына барып қайтпақ. Алдағы сапардыӊ мақсаты "Болжау жасау және талдау үдерісі" бағдарламасы аясында еліміздегіалдағы іс-қимыл барысын талқылайтын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл қарымтасапар болмақ. Жуырда Астанада НАТО мен ҚР Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және ҚР Қарулы Күштерініӊ құрылымдық бөлімшелері өкілдерініӊ арасындағы келіссөздер аяқталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Аталған бағдарлама аясындағы Қазқастанныӊ қорғаныс ведоствалары өткізген барлық жұмысты зерттей отырып НАТО мамандары "Қазбригтіӊ" бітімгерлік даярлығыныӊ, сондай-ақ ҚР ҚК ҚР ҚК Құрлық әскерлері әскери институтыныӊ "Бейбітшілік үшін серіктестік" Оқу орталығыныӊ әскери қызметшілер мен ел серіктестерімен ұдайы өткізетін тілдік және бітімгерлік даярлығыныӊ дұрыс екінін атап өтті.

Атап айтсақ, Қазақстан 2002 жылдан бері "Болжам жасау және талдау үдерісі" бағдарламасына қатысып келеді. Осы бағдарлама халықаралық деӊгейдегі жаттығулар, оқу-жаттығулар мен операцияларды, сонымен қатар әлемді қолдау бойынша операцияларды өткізу үшін жеке мемлкеттерде бар күштер мен құралдарды бағалауға бағытталды.

ҚР Қорғаныс министрлігі үшін бағдарламаға 33 мақсат белгіленді. Солардыӊ ішінде НАТО стандарты бойынша бітімгерлік контингентін даярлау және жабдықтау, әскери қызметшілердіӊ тілдік даярлығы, штабтық офицерлерді оқыту, қалалық жай-күйлергежалпы әскери операцияларды енгізу, дағдарыс оқиғаларыныӊ әсер ету мәселелері және басқалары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны