09.07.2013, 12:43 4583

КҚГҚ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Республиканың санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары жүргізген профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 9-шілде. Kazakhstan Today - КҚГҚ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Республиканың санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары жүргізген профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні республикада КҚГҚ-ның 3 жағдайы тіркелді, олардың ішінде ОҚО-да - 2, Қызылорда облысында - 1. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 9 жағдай тіркелген еді", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Ведомство мәліметінше, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КҚГҚ бойынша қолайсыз облыстарда - Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында кенеге қарсы іс-шаралардың іске асырылуы барысына апта сайын мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Бұл облыстарда КҚГҚ-ның алдын алу мәселелері бойынша тұрғындар арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізетін, құрамында МСЭҚКД-ның, денсаулық сақтау басқармаларының мамандары бар ақпараттық-насихаттау топтары құрылды.

Мәлімдемеде айтылғандай, кене шаққанына шағымданған адамдардың барлығы медициналық бақылауға алынды, оларда клиникалық белгілер (дене қызуының көтерілуі) байқалған жағдайда тексеру және профилактикалық емдеу жүргізіледі.

КҚГҚ бойынша қолайсыз аумақтарда тұратын тұрғындарды қорғау мақсатында 259 елді мекен айналасына санитарлық-қорғаныш аймағы құрылды және кенеге қарсы өңдеу жүргізілді.

Сонымен қатар, КҚГҚ-ның эпидемиялық маусымы жалғасуда, сондықтан тұрғындардың бұл инфекцияны жұқтыру қаупі сақталуда, деп ескертті Денсаулық сақтау министрлігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны