15.04.2014, 20:32 3304

ККМ тасымалдаушыларға жолаушылар вагондары құрамын рейске әзірлеуге бақылауды күшейтуді тапсырды

Оның ішінде ескертулер жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасына, вагондардағы температуралық режимнің сақталмауына, жолсеріктердің кәсіптік талаптарға сәйкессіздігіне және Теміржол көлігінің техникалық пайдалану қағидасын бұзуға қатысты болды.

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan today. Көліккомминде ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пшембаевтың төрағалығымен "Жолаушылар тасымалы" АҚ, "Қала маңындағы тасымал" АҚ және "ВагонСервис" АҚ қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңесте көлікті бақылау органдарының тексерісі барысында анықталған компания тарапынан жіберілген бұзушылықтар туралы айтылды.

Оның ішінде ескертулер жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасына, вагондардағы температуралық режимнің сақталмауына, жолсеріктердің кәсіптік талаптарға сәйкессіздігіне және Теміржол көлігінің техникалық пайдалану қағидасын бұзуға қатысты болды, деп ведомстводан хабарлайды.

Сонымен бірге "Жолаушылар тасымалы" АҚ инспекторлық құрамы жұмысының тиімсіздігі атап өтілді. Бұл жайында билетсіз жолаушыларды жаппай тасудың көптеген оқиғалары болғандығы дәлел. Биыл компанияның жолаушылар пойыздарында осындай 107 оқиға анықталған.

Сонымен бірге 2013 жылы 19 сапасыз жөндеу мен жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету (құбыр ақаулары, вагондарда дөңгелек жұбының бұзылуы) болғаны жөнінде айтылды.Бұдан тыс, жыл басынан өрт қауіпі туралы белгі беру құрылғыларының салдарынан "Жолаушылар тасымалы" АҚ №351/352 "Алматы-Защита" және 375/376 "Астана-Лениногорск" жолаушылар пойыздарының құрамындағы 35 жолаушылар вагоны пайдаланылуы тоқтатылды.

Кездесу қорытындылары бойынша "Жолаушылар тасымалы" АҚ-на инспекторлық аппараттың тиімділік бағасы жүйесін енгізу, сапарға жолаушылар вагондары құрамын рейске әзірлеуге бақылауды күшейту, сонымен қатар билетсіз жолаушыларды тасымалдауды болдырмау және бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатысты шараларды қолдану ұсынылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны