30.04.2014, 22:15 17693

КО аясында 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтпелі кезең орнатылды -А. Раззаренов

"Қазір өтпелі кезең анықталды. Оның аясында ет өнімінің айналымы артады. Өтпелі кезең 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады. Осы уақыт аралығында техникалық регламент бойынша түзетулер жүзеге асады", - деді ол.

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan today. КО аясында 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтпелі кезең орнатылды. Бұл туралы Ветеринарлы бақылау мен реттеу комитеті интеграциялық ынтымақтастық басқарудың бас сарапшысы Александр Раззаренов "Ет және ет өнімі қауіпсіздігі" техникалық регламентіне арналған дөңгелек үстелде мәлімдеді.

"Қазір өтпелі кезең анықталды. Оның аясында ет өнімінің айналымы артады. Өтпелі кезең 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады. Осы уақыт аралығында техникалық регламент бойынша түзетулер жүзеге асады", - деді ол.

Сарапшының айтуынша, "Ет және ет өнімінің қауіпсіздігі" регламенті бойынша ет өніміне бірыңғай талап қойылады. Оның құрамына тасымалдау, сақтау, жою үрдістері де енеді.

"Өнімге, аймаққа кіретін талаптар тік техникалық регламентте сақталған. Аталмыш регламент ет өнімінің өндірісіне байланысты, яғни аталмыш саланың терминологиясы, ет өнімдерін рәсімдеу мен тіркеу. Осы талаптар сақталған кезде ғана кәсіпкерлер КО елі бойынша өз өнімдерін тасымалдай алады", - деді А. Раззаренов.

Айта кетерлігі, АШМ ұйымдастырған кәсіпкерлерге арналған семинарды ИЖТМ техникалық реттеу және метрология комитеті, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы және қала әкімдігі ұйымдастырды.

Айта кетейік, КО техникалық регламенті 2014 жылдың 1 мамыры күні күшіне енеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны