13.11.2012, 16:28 3523

КО аясында біртұтас көлік-логистикалық компаниясы құрылуда

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Біртұтас көлік-логистикалық компаниясын құру үш мемлекеттің экономикалық ықпалдастық идеясын іске асыру болып табылады, деді "Российские железные дороги" ААҚ-ның президенті Владимир Якунин "Стратегиялық серіктестік 1520: Орталық Азия" III Халықаралық теміржол бизнес-форумының ашылуында сөйлеген сөзінде.

Астана. 13-қараша. Kazakhstan Today - КО аясында біртұтас көлік-логистикалық компаниясы құрылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Біртұтас көлік-логистикалық компаниясын құру үш мемлекеттің экономикалық ықпалдастық идеясын іске асыру болып табылады, деді "Российские железные дороги" ААҚ-ның президенті Владимир Якунин "Стратегиялық серіктестік 1520: Орталық Азия" III Халықаралық теміржол бизнес-форумының ашылуында сөйлеген сөзінде.

"Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері атсалысатын Біртұтас көлік-логистикалық компаниясын құру үш елдің экономикалық ықпалдастық идеясының алғашқы қадамы болып табылады", - деді "РТЖ" компаниясының басшысы.

Оның айтуынша, бұл логисттің "Қазақстан темір жолының" базасында құрылуы тасымалдың барлық түрін үйлестіретін теміржол компанияларының вертикальдық ықпалдастырылған жүйесінің көрінісі болады.

В.Якунин сондай-ақ ҚР Президенті бастамашы болған "Жібек жолы" жобасын құрудың тиімділігіне тоқталды. "Қазақстан мен Ресейдің аумақтары арқылы өтетін "Жібек жолы" халықаралық темір жолдар одағының аясында насихатталып отырған көлік дәлізінің элементі болып табылады", - деп хабарлады ол.

Айта кету керек, Біртұтас көлік-логистикалық компаниясын құру клиенттерге қызмет көрсетудің банктік, ақпараттық және тағы басқа қызметтердің түрлерін тартуға мүмкіндік береді.

"Алға қойылған міндеттерді іске асыру жолында бізді маңызды құрылымдық жұмыстар күтіп тұр. Мұның барлығы біздің мемлекеттеріміздің әлеуметтік-экономикалық салаларының мүдделерін күшейту мақсатырнда атқарылып жатқанын айта кету керек", - деп түйіндеді өз сөзін Владимир Якунин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны