16.04.2014, 20:06 3618

КО аясындағы мемлекттік сатып алу электронды түрде жүзеге асады - Б.Шолпанқұлов

Кедендік Одақ аясындағы мемлекеттік сатып алу туралы келісім Ресей мен Беларусьтің мемлекеттік сатып алу нарығында отандық өндірушілердің тең құқылы қатысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, барлық рәсімдер электронды түрде іске асырылатын болады.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. Кедендік Одақ аясындағы мемлекеттік сатып алу электронды түрде жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.

"Кедендік Одақ аясындағы мемлекеттік сатып алу туралы келісім Ресей мен Беларусьтің мемлекеттік сатып алу нарығында отандық өндірушілердің тең құқылы қатысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, барлық рәсімдер электронды түрде іске асырылатын болады. Бұл мемлекеттік сатып алу жүйесіне барынша бәсекеге қабілетті тәсіл", - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, Келісім аясында Қазақстанда электронды алаң іске қосылған. А Ресей мен Беларусьте де аталмыш аукцион электронды әдіске көшкен.

"Біздің көздеп отырғанымыз, үш елдің де мемекеттік сатып алу нарығында тараптардың теңдей құқықпен байқауға қатысуына мүмкіндік беру. Осы тұрғыа барлық қатысушыларға бірдей мағлұмат беріліп, бірдей жағдай жасалады. Бұл өз кезегінде біздің кәсіпкерлерге үлкен мүмкініктер береді", - дейді Б.Шолпанқұлов.

Сонымен қатар, Ресейде электронды байқау деген әлі енгізілмеген. Қазіргі таңда оны дайындап жатыр.

"Осыған орай біздің мүмкіндігіміз жоғары. Өздеріңізге де белгілі, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ұлттық тәртіп іске қосылды. Интеграциялану мәселесі тоқтатылды. Өйткені ресейлік және елорусьтік тарап та қажетті шараларды атқаруы керек", - дейді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны