22.05.2014, 20:27 2672

КО мен БЭК-ке енуді қолдайтын елдер саны арта түсуде

"Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуды 4 ел қолдап отыр. Олар: Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения. Оның ішінде үш ел КО-ға енуге жақын елдер: Қырғызстан, Тәжікстан, Армения", - деді В. Перебоев.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan today. Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуды 4 ел қолдады, деп VII АЭФ аясында өткен еуразиялық интеграция мәселелерінің панельді сессиясында ЕДБ интеграциялық зерттеу бағыты орталығының жетекшісі Владимир Перебоев мәлімдеді.

"Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуды 4 ел қолдап отыр. Олар: Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения. Оның ішінде үш ел КО-ға енуге жақын елдер: Қырғызстан, Тәжікстан, Армения", - деді В. Перебоев.

Сондай-ақ, ол бұл елдер КО-ға енуді қолдап отырғандардың қатарында екендігін айтты. Алайда, Қырғызстанда КО-ға қосылуға қарсы болған пікірлердің саны көбейді.

"Егер өткен жылы 14 пайыз теріс пікір қалыптасса, 2014 жылы қарсы болғандар саны 16 пайызды құрады. Ал пікірді қолдау 13 пайызға азайды", - деді сарапшы.

Оған қоса, Грузияда Кедендік одақ қатарына қосылуды қолдаудың саны артқан.

"Бұл Кедендік одақ пен Грузия арасындағы қарым-қатынасты күшейте түсу қажеттігін көрсетеді", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны