26.12.2006, 18:22 2930

Қоғам Сәрсенбаевты өлтіруге қатысты іс бойынша сот үкімін қабылдауға тиіс - бас прокуратура

АСТАНА. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қоғам саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге қатысты іс бойынша сот үкімін қабылдауға тиіс. Бұл туралы пікірді бүгін бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысы аяқталған соң өткен баспасөз мәслихатында журналистер сауалына жауап берген ҚР бас прокурорының орынбасары Ілияс Бақтыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ал Ибрагимовтың тергеушілер тарапынан өзіне қысым көрсетілді-міс деген мәлімдемесі бойынша және жалпы осы іске қатысты сот өз бағасын берді. Бұл жорамалдардың бәрі де қаралды, осындай барлық пайым-пікірлер салмақталды",- деді І.Бақтыбаев. "Қоғамдағы жекелеген күштердің осы іске қатысты белгілі бір саяси мүддесі болды. Оны саяси ұпай жинау үшін осындай кейіпте көрсетуге талпыныстар жасалды",- деп санайды бас прокурордың орынбасары.

"Ийткенмен , егер біз құқықтық мемлекет құрып жатсақ, Ата заң мен заңдардың үстемдігін жария етсек, онда меніңше, соттың үкіміне бағыну керек",- деп мәлімдеді ол. Оның пікірінше, Жоғарғы соттың бағасына "алып-қосар ештеңе жоқ". "Менің пайымдауымша, біз сол бір үкім мен Жоғарғы соттың бағасын сол күйінде қабылдауға тиіспіз",- деп қорытты І.Бақтыбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны