11.07.2018, 21:51 4192

Қоғамдық даму министрлігі 2018 жылғы 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды

Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 13 маусымда мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардыӊ қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊына қол қойылды. Заӊныӊ қабылдануы арқылы сыйлықақы алуға ұсынуға үкіметтік емес ұйымдардыӊ мүмкіндігі кеӊейді.

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - Қоғамдық даму министрлігі 2018 жылғы 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге келесі бағыттар бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды:

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардыӊ денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

6) халықтыӊ әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

8) халықты еӊбекпен қамтуға жәрдемдесу;

9) азаматтар мен ұйымдардыӊ құқықтарын, заӊды мүдделерін қорғау;

10) мәдениет пен өнерді дамыту;

11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

12) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;

13) өздерініӊ есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу;

14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

15)азаматтық қоғамды дамытуға, оныӊ ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметініӊ тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

Байқауға Қазақстан Республикасында тіркелген және Үкіметтік емес ұйымдардыӊ дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Бір үкіметтік емес ұйым бір номинациядан артық сыйлықақыны алуға ұсыныла алмайды. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде оны алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.

Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардыӊ арасында теӊ бөлінеді.

Сыйлықақыны алу үшін өтінімді ұсынуға арналған тізбе мыналарды қамтиды:

1) өтініш (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші басшы немесе оныӊ міндетін атқаратын адам қол қойған үкіметтік емес ұйымныӊ ресми бланкісінде);

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердіӊ сауалнамасы;

3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердіӊ қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);

4) соӊғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар) және (немесе) мемлекеттік органдар өкілдерініӊ ұсынымдары (екіден кем емес);

5) үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарыныӊ және куәлiгiніӊ (анықтаманыӊ) көшірмелері;

6) банк шотыныӊ болуы туралы анықтама (түпнұсқа).

Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігініӊ Азаматтық қоғам істері комитетіне қағаз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USB-флеш-жинақтағыштарында DOC, DOCX, Pdf форматында) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйек аралығында келесі мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Мәӊгілік Ел даӊғылы 8, "Министрліктер үйі" ғимаратыныӊ 15-кіреберісіндегі 265-кабинет. Анықтама телефондары:+7 (7172)740511, 74 09 97.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 13 маусымда мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардыӊ қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊына қол қойылды.

Заӊныӊ қабылдануы арқылы сыйлықақы алуға ұсынуға үкіметтік емес ұйымдардыӊ мүмкіндігі кеӊейді.

Бұрын сыйлықақы алуға ұсынғаннан кейін үш жыл ішінде конкурсқа қатысуға шектеу болатын.

Заӊ қабылданғаннан кейінөткен жылы сыйлықақы алуға ұсынылған, бірақ жеӊімпаз болып табылмаған үкіметтік емес ұйымдар, келесі жылдары да сыйлықақы алуға ұсынуға мүмкіндік алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны