11.01.2019, 16:15 10019

Қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарды ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді тапсыру туралы хабардар етеді

ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.kz веб-портал арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығыныӊ жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаӊбаны (ЭЦҚ) алу қажет.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына кезекті есеп кезеӊініӊ өтуі туралы хабарлайды. Ағымдағы жылы 31 наурыз жексенбіге түскеніне байланысты ұйымдардыӊ өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2019 жылғы 1 сәуірде аяқталады (ҚР Азаматтық кодексініӊ 175-бабына сәйкес егер мерзімніӊ соӊғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, содан кейінгі еӊ таяу жұмыс күні мерзімніӊ аяқталған күні болып саналады).

Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, діни бірлестіктер мен кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда), коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды қоспағанда), қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заӊды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасыныӊ аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардыӊ филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.kz. веб-порталында электрондық есептілік нысанын уақтылы толтыруды ұсынады.

Қолданыстағы заӊнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеӊберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.kz веб-портал арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығыныӊ жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаӊбаны (ЭЦҚ) алу қажет.

Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыру мүмкіндігі қалды.

ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен бірге пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәӊгілік Ел даӊғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігініӊ Азаматтық қоғам істері комитеті.

ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны