11.11.2018, 22:13 4101

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті еліміздіӊ дүкендері тұтынушылардыӊ құқықтарын бұзып отырғанын анықтады

2017 жылғы 31 мамырдағы № 358 "Тамақ өнімдерініӊ көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларыныӊ талаптарына сәйкес сауда объектілері белгіленген жарамдылық мерзімі көрсетілмеген немесе жарамдылық мерзімі өткен өнімді сатылымға қоймауы тиіс.

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті еліміздіӊ дүкендері тұтынушылардыӊ құқықтарын бұзып отырғанын анықтады. 2017 жылғы 31 мамырдағы № 358 "Тамақ өнімдерініӊ көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларыныӊ талаптарына сәйкес сауда объектілері белгіленген жарамдылық мерзімі көрсетілмеген немесе жарамдылық мерзімі өткен өнімді сатылымға қоймауы тиіс.

Комитет өнімніӊ қауіпсіздігі мониторингініӊ тәртібі шеӊберінде еліміздіӊ мынадай қалалары мен дүкендерінде жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін (атап айтқанда: сүт өнімдері, ет өнімдері, балық өнімдері, алкоголь өнімдері, су, шырын, кондитерлік өнімдер және т. б.) сату фактілерін анықтады:

- "Алма" супермаркеті "Алма-РС" ЖШС (Астана қ., Сарыарқа д-лы, 15); Супермаркеттерде мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерін сату фактілері тіркелді. Департаменттіӊ және соттыӊ әкімшілік шаралары бірнеше рет қолданылғанына қарамастан, "Алма" супермаркеттерінде мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерін сату фактісі бірінші рет анықталып отырмағанын атап айту керек.

-"Беккер и К" ( Астана қ., Керей Жәнібек хандары к-сі, 14/2);

- "МЕТРО Кэш энд Керри" ЖШС ( Павлодар қ., Торговая көш., 1/5,) - ЖК Килалова К. Ж. (Павлодар облысы, Тереӊкөл (Қашыр) ауданы, Федоровка ауылы);

- "Жанар" дүкені ЖК "Серикбаева" (Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы);

- ЖК Фисенко "Римма" дүкені (Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Чайко көшесі, 55);

- "Тамаша" ЖК Қыдырбаева Н., (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтпаев көшесі, 53 " а");

- ЖК Анисимова дүкені (Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Красиловка ауылы, Южная көшесі, 66);

- С. З. Қошанова ЖК дүкені ( Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Иуезов көшесі, 93) .

- "Гульнур" ЖК дүкені (Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Жаӊақала ауылы);

- ЖК Говрилец О. Н. "Весна" дүкені(Павлодар облысы, Қашыр ауданы, Тереӊкөл ауылы, Аймауытов көшесі, 79);

- ЖК Кузьмина А. А (Қостанай облысы, Денисов ауд., Аятское а., Клубная к-сі, 47);

- "Фортуна" азық-түлік дүкені (ШҚО, Шемонаиха ауданы, Верх-Уба ауылы, Заводская көшесі, 6 2/2);

- "Дидар" дүкені (ШҚО, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, ЖК Холкина А. Л.);

- "Азия" дүкеніндегі бөлім (Қарағанды обл., Саран қ., Жамбыл көш., 55);

- "Тоқмырза" дүкені (Атырау облысы, Атырау қаласы, Ақжар кенті, Бейбітшілік көшесі, 2/1, Қараджанова ЖК).

Осыған байланысты, тұтынушыларға өнімді таӊдау кезінде мұқият болуға кеӊес береміз. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін кез келген өнім қолданылу мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз екенін ескеру қажет.

Дүкен сөрелерінде мерзімі өтіп кеткен өнім анықталған жағдайда жазбаша немесе 8 /7172/ 74-21-37 нөмірі бойынша, сонымен қатар Комитетке және оныӊ аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады (әр өӊірдіӊ байланыс деректері kooz.dsm.gov.kz/ru сайтында көрсетілген).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны