04.09.2009, 14:53 1572

Қоғамдық -гуманитарлық институттар Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениеті мен құндылықтарын дамытуға бағытталуы тиіс - мемлекет басшысы

Қоғамдық -гуманитарлық институттар Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениеті мен құндылықтарын дамытуға бағытталуы тиіс - мемлекет басшысы

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қоғамдық -гуманитарлық институттар Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениеті мен құндылықтарын дамытуға бағытталуы тиіс. Бұл туралы президент бүгін Ақордада ғылым және ғылыми саясат жөніндегі кеңестің отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қоғамдық -гуманитарлық институттардың қызметінің мақсаттары мен басымдықтарын айтарлықтай түзету, сондай-ақ, тарихи-мәдени мұрадан ендігәрі назарды Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениеті мен құндылықтарын дамытуға қарай бұру талап етілуде. Мұнсыз қоғам толыққанды дами алмайды", - деді президент.

Оның айтуынша, "бұл - философия және саясаттану, Марғұлан атындағы археология институты, экономика институты, Қазақ стратегиялық зерттеулер институты секілді институттардың міндеті".

"Институттар жаңаша тарихты, тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен аяғынан тұруын, біздің мемлекетіміздің жаңа халықаралық рөлі мен мәртебесін зерттеп зерделеумен шұғылдануға тиіс", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны