18.01.2017, 13:58 4031

Қоғамдық тыӊдау: Астана Икімдігі мен прокуратура ПИК тарапынан әрекеттердіӊ заӊдылығын тексереді

Елорда әкімі өз орынбасары Сергей Хорошунға Астана прокуратурасымен және тұрғын үй инспекциясымен бірлесіп бір ай ішінде азаматтардыӊ құқықтарын бұзу фактілері тіркелген жағдайлар бойынша және ПИК әрекеттерініӊ заӊдылығын тексеруді тапсырды

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - Елорда әкімі өз орынбасары Сергей Хорошунға Астана прокуратурасымен және тұрғын үй инспекциясымен бірлесіп бір ай ішінде азаматтардыӊ құқықтарын бұзу фактілері тіркелген жағдайлар бойынша және ПИК әрекеттерініӊ заӊдылығын тексеруді тапсырды,- деп хабарлайды Астана қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Астананы орнықты дамыту Кеӊесіне Қалалық шешімдер бюросымен бірлесіп бір ай мерзімде ПИК-тердіӊ жұмысын жақсарту шараларыныӊ кешенді жоспарын әзірлеп, бекітуге ұсыну тапсырылды. Сондай-ақ, Исет Исекешев әкімдік, ПИК өкілдерінен және тұрғындардан құралған жұмыс тобын құруды тапсырды, бұл топ жүйелі түрде туындайтын мәселелерді қараумен айналысатын болады.

Көптеген ПИК-тердіӊ қызметі елорда тұрғындарыныӊ көӊілінен шықпай отыр, ал пәтер иелері кооперативтерініӊ басты мәселесі олардыӊ қызметініӊ мөлдір еместігінде және ортақ ақпараттық жүйеніӊ жоқтығында. Бұл туралы бүгін ПИК жұмысына арналған қоғамдық тыӊдауда Астана әкімі Исет Исекешев мәлім етті.

500-ге жуық адам, соныӊ ішінде, ПИК-тердіӊ, басқарушы ұйымдардыӊ, коммуналдық кәсіпорындардыӊ өкілдері, және қала тұрғындары қызмет көрсетуші ұйымдардыӊ жұмысына қатысты шағымдарын айтып, ұсыныстарын жеткізу үшін Оқушылар сарайына жиналды. Атап өтерлігі, бұл жыл басынан бері қала билігі мен халық арасында ұйымдастырылып отырған екінші диалог. Исет Исекешев ПИК жүйесіндегі жүйелі мәселелерді қоғамдық тыӊдаусыз шешуге мүмкін еместігін атап көрсетті.

"Аталған саланыӊ елорда үшін маӊызы зор, өйикені ол қала тұрғындарыныӊ өмірімен тікелей байланысты. Сондықтан қала әкімдігі аталған мәселеге үнемі ерекше көӊіл бөледі. Тұрғын үй қорыныӊ қызмет көрсету саласында пәтер иелері кооперативтерініӊ жұмысына қатысты проблемалық мәселелер жеткілікті. ПИК-тер жұмыс істейді, бірақ көбініӊ қызметіне азаматтардыӊ көӊілі толмайды", - деді Исет Исекешев.

Астана кондоминиумдарды тіркеу бойынша алда келеді

Қазақстан елордасы республиканыӊ басқа аймақтары арасында тіркелген кондоминиумдардыӊ саны бойынша бірінші орын алады (94 %).

Бүгінгі күні Астананыӊ аумағында 419 ПИК және қызмет көрсетуші ұйым бар.

Қызмет көрсету бойынша орташа тариф шаршы метр үшін 45 теӊгені құрайды.

"2016 жылы тұрғын үй инспекциясына жеке және заӊды тұлғалардан ПИК жұмысына қатысты 3 мыӊнан аса өтініш түсті. "Диспетчерлік қызмет 109" мекемесіне коммуналдық-тұрмыстық сипаттағы 15 994 шағым түсті", - деп хабарлады тұрғын үй инспекциясыныӊ басшысы Илихан Қуатбеков ПИК қызметіне арналған қоғамдық тыӊдауда.

Түскен шағымдардыӊ 50 пайызы ПИК-тіӊ қаржылық мөлдір еместігіне шағымдар, 30 пайыздан астамы тұрғын үйлердіӊ техникалық жағдайыныӊ нашарлығына қатысты, пәтер иелерініӊ 20 пайызы ПИК басшыларыныӊ ортақ мүлікті күтіп ұстауға қатысты әрекетсіздігіне шағымданған.

"Түскен шағымдардыӊ дені келесі сипатта: ортақ мүлікті күтіп ұстауға кететін шығындар туралы есеп бермеу, шатырдан су ағу, үй ішіндегі инженерлік желілердіӊ істен шығуы, ауладағы қардыӊ жиналмауы, кіреберістердіӊ тазартылмауы, кіреберістерде және аулаларда жарықтандырудыӊ жоқтығы. Тұрғындардыӊ шағымдарын азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдар проблемалық мәселелерді шешу бойынша қажет шаралардыӊ барлығын қабылдауда", - деп атап көрсетті Илихан Қуатбеков.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны