05.06.2017, 17:00 5187

"Көкнәр-2017" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында марихуана егіп-өсірудіӊ алдын алу бағытында Қызылорда облыстық әкімдігінде нұсқау кеӊесі өтті

Премьер-министрдіӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтіӊ және Ішкі істер министрі Қ.Қасымовпен құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді егіп-өсірудіӊ алдын алуға бағытталған бірлескен жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу жайлы жоспар бекітілді.

Қызылорда. 5 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық әкімдігінде "Көкнәр-2017" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында марихуана егіп-өсірудіӊ алдын алу бағытында нұсқау кеӊесі өтті.

Заӊсыз есірткі айналымыныӊ жолын кесуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініӊ үнемі назарында тұрған мәселе.

Соӊғы кездері Жамбыл облысыныӊ Шу алқабы жабайы сора өсімдігініӊ таралу аумағына айналса, сора өсімдігін егіп-өсірудіӊ үрдісі Қызылорда облысында айқын көрініп тұр.

Еӊ алдымен, бұл жыл сайын республика көлемінде өткізілетін "Көкнәр" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында қабылданған алдын алу шараларына байланысты. Бұл жағдайда оӊтүстік аумақтарға аса басымдық жасалады.

Нәтижесінде құқық қорғау органдары марихуана егіп-өсіруден заӊсыз заттектер алу жолдарын жан-жақты зерделеп, Шу алқабына ұқсас климаттық жағдайы қолайлы аумақтарды игеруде.

Жоғарыда аталған үрдістерді ескере отырып Премьер-министрдіӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтіӊ және Ішкі істер министрі Қ.Қасымовпен құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді егіп-өсірудіӊ алдын алуға бағытталған бірлескен жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу жайлы жоспар бекітілді. Аталған жоспар Қызылорда облысы және соған іргелес жатқан өӊірлерде жүйелі әрі көпбағытты жұмысты ұйымдастыруға бағытталған.

Осыған орай, аталған шараға тек құқық қорғау органдары ғана емес, сонымен қатар Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігініӊ құзырлы қызмет салалары жұмылдырылады.

Іс-шараныӊ нәтижелігін арттыру мақсатында, оныӊ ішінде сора өсімдігін егетін және оларды егуге қолайлы аумақтарды анықтау бағытында алдын алу шараларын қамтамасыз етуге жергілікті атқарушы органдардыӊ құзырындағы орман шаруашылығы, жерді пайдалану, қорықшы қызметі, аӊшы алқаптары қызметкерлері жұмылдырылды.

Осыған сәйкес, олардыӊ басты міндеті - бақылауындағы аумақтардағы марихуана егуге арналып заӊға қайшы қолданылып жатырған жерлерді үнемі бақылап отыру болып табылады.

Осындай деректерді анықтаған жағдайда дереу түрде ішкі істер органдарына хабарлау бағытында да шаралар қабылдануда.

Жоспарланған іс-шаралардыӊ нәтижелілігін жоғарылату мақсатында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде "Дельта-Сырдария" бөлімшесі құрылды.

"Көкнәр - 2017" жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезіндегі оныӊ басты мақсаты құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді анықтау, осындай деректерге қатысты келіп түскен хабарламаларға дереу түрде ден қойып, барлық құзырлы қызмет салаларымен осы бағыттағы жұмысты үйлестіру болып табылады.

Аталған құрылымныӊ жұмыс сапасын жоғарылату мақсатында осында ай сайын басқа облыстардағы Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ, Ұлттық Ұланныӊ "Бүркіт" арнайы жасағы қызметкерлері іссапармен жіберілетін болады.

Жеке құрамды орналастыру үшін арнайы ғимарат бөлінуі, қажетті тұрмыстық жағдай қалыптастырып, автокөлік және жүріп өту мүмкіндігі жоғары техникалармен жарақтандыруы қамтамасыз етілуде.

Бұдан бөлек, заӊсыз есірткі алқаптарын анықтау үшін Ұлттық Ұланныӊ тікұшақтары қолданылатын болады.

Осы және басқа да мәселелер Ішкі істер министрініӊ бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты Марат Ғанұлы Демеуовтіӊ төрағалығымен, Облыс әкімініӊ орынбасары Серік Жүсіпұлы Сүлейменовтіӊ, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментініӊ бастығы әділет генерал-майоры Сұлтан Тұрлыұлы Құсетовтіӊ, әкімдіктіӊ және басқа да құқық қорғау органдары өкілдерініӊ қатысуымен 2017 жылғы 2 маусымда Қызылорда облысы әкімдігінде өткен жиын барысында қаралды,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны