01.03.2011, 14:58 4050

Көксарайда 650 миллион текше метр су жиналған

Көксарайда 650 миллион текше метр су жиналған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 1 - наурыз. Kazakhstan Today - Көксарайда 650 миллион текше метр су жиналған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Көксарай су реттегіші бойынша министрлікте еш проблема жоқ екендігін баса айтқан ол: "Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, олардың әзірлеген кестесіне сәйкес Қызылорда бойынша су тасқыны қауіпін тудырмай су жинау жүруде. Қазір Көксарайда 650 миллион текше метр су жиналды", - деді ол.

Министрдің айтуынша, су реттегіш 3 текше шақырым су қабылдауға толығымен дайын әрі оны дер уақытында іске қосуға байланысты қандай да бір кедергілер жоқ. "10 миллиард теңге бөлінді. Біз оны дер уақытында игереміз, Тәуелсіздіктің 20 жылдығында іске қосу қамтамасыз етіледі", - деді В.Божко.

Бұрын хабарлағанымыздай, Көксарай су реттегішін іске қосу 2010 жылдың көктемінде 71 ауылдың су астында қалудан сақтап қалған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны