13.01.2010, 18:41 3143

Көкшетау қаласында трансұлттық есірткі тобы іс-әрекетінің жолы кесілді

Көкшетау қаласында трансұлттық есірткі тобы іс-әрекетінің жолы кесілді

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - ҰҚК трансұлттық есірткі тобы іс-әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан ІІМ бірлесіп Орталық Азия өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығының үйлестіруімен есірткілердің ірі партиясын Тәжікстаннан Қырғызстан арқылы Қазақстанға тасымалдаумен айналысқан трансұлттық есірткі тобының қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесті.

Табысты жүргізілген операцияның нәтижесінде 9 қаңтарда Көкшетау қаласында есірткі заттарын алу үстінде есірткі тобының үш мүшесі ұсталды.

15 килограмм гашиш және 2 килограмм героин тәркіленді.

Осы халықаралық операцияны өткізу барысында аталған құрылымдар жоғары деңгейлі өзара әрекеттестікті танытты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны