04.09.2017, 12:32 4727

Көкшетау қаласыныӊ өӊірлік индустрияландыру картасына құны 20 миллиард теӊге тұратын 17 жоба енгізіліп отыр

28 тамызда Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин 2017 жылы Көкшетау қаласыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде қалалық әкімдікте өткен актив жиналысына қатысып, сөз сөйледі және облыс орталығында қордаланып қалған мәселелерді шешуге байланысты қала мен бірқатар ведомство басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Көкшетау. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - 28 тамызда Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин 2017 жылы Көкшетау қаласыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде қалалық әкімдікте өткен актив жиналысына қатысып, сөз сөйледі және облыс орталығында қордаланып қалған мәселелерді шешуге байланысты қала мен бірқатар ведомство басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Облыстық басқарма басшылары, депутаттар мен кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысқан жиынды облыс әкімініӊ өзі ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе облыс орталығыныӊ 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында Көкшетау қаласыныӊ әкімі Ермек Маржықпаев баяндама жасады. Оныӊ айтуы бойынша, қалада экономиканыӊ нақты салалары жақсы қарқынмен дамып келеді, өндіріс кәсіпорындары 53 миллиард теӊгеніӊ өнімін өндірген. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 1,5 миллиард теӊгеге жоғары. "Молоко Синегорье", "Нәтиже сүт", "Agrimer-Astyk" ЖШС қалыптасқан кейбір қиындықтарға қарамастан, өндірістік жоспарларын 100 пайызға орындап шыққан. Бүгінде қала бойынша өӊірлік Индустрияландыру картасына құны 20 миллиард теӊге тұратын 17 жоба енгізіліп отыр. Осыныӊ аясында алдағы уақытта бірқатар өндірістік нысандар ашылып, 1500-ден астам жаӊа жұмыс орындары құрылатын болады. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде қаладағы экономикалық жағдай тұрақты. Жыл басынан бері қала қазынасы 10 миллиард 350 миллион теӊгемен толыққан. Қала әкімі өз сөзінде қосымша іске асырылып жатқан жобаларға да тоқталып, жиынға қатысушыларды жаӊадан салынып жатқан құрылыс нысандарымен де таныстырып өтті. Исіресе, тұрғын үй құрылысы саласында жақсы қарқын байқалады. Үстіміздегі жылы облыс орталығында 111 мыӊ шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдыӊ осы мерзімімен салыстырғанда 40 пайызға жоғары. Қазіргі таӊда 14 көп пәтерлі тұрғын үйдіӊ құрылысы жүріп жатыр.

- Толыққанды шешілмей отырған проблемалардыӊ бірі - балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту. Бұл мәселе біртіндеп шешуді талап етеді. Ағымдағы жылы Бурабай ықшам ауданында, сондай- ақ, Темірбеков-Иуезов көшелерініӊ қиылысында 280 орындық бала бақша құрылысы жүргізілуде. Юбилейный ықшам ауданында бала бақша салуға жобалық- сметалық құжат дайын тұр. "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ қаражатына салынып жатқан 900 орындық мектеп іргелі жаӊа білім ошағы болмақ, - деді қала әкімі.

Қала басшысы өз баяндамасында бағаны тұрақтандыру, қысқы жылу маусымына дайындық шаралары туралы айта келе, тұрғындардыӊ қоқысты белгіленбеген жерге төге салатынын, қала тазалығына келгенде немқұрайды көзқарас танытатынын сынға алды. Мұнымен қоймай, қоғамдық орындарда тәртіп бұзатындар азаймай отыр. Есептік мерзім ішінде осындай бұзақылық жасағаны үшін 1452 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда анағұрлым көп. Жиында сөз алған облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасыныӊ басшысы Владимир Фелбелт жер телімдерін беруге, жаӊа құрылыс нысандарын салған кезде облыс орталығыныӊ архитектуралық келбетініӊ сақталмайтындығына қатысты біраз проблемаларды алға тартса, облыстық құрылыс басқармасыныӊ басшысы Марат Иубәкіров "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында баспана мәселесі баяу шешіліп жатқанына және оныӊ бағасы әр өӊірлерде әртүрлі екеніне сын айтты.

Актив жиналысын қорытындылаған облыс әкімі Мәлік Мырзалин: -Қаланыӊ күн санап көркейіп келе жатқанын бәріміз байқап жүрміз. Дегенмен, уақыт бір орын- да тұрмайды, сондықтан, бізге де одан әрі дами түсу қажет. Ир ақмолалық туған жерінде, осы қалада өзін еркін сезінуі тиіс. Бұрын тұрғындар арзан азық-түлік іздеп базарға баратын. Қазір олай етудіӊ қажеті жоқ, себебі, қалада күнделікті тұтынатын тауарды қолжетімді бағамен сататын сауда орындары ашылуда. Алдағы уақытта да бағаны тұрақтандыруға қатысты шараларды тоқтатпауымыз керек. Екіншіден, қаладағы жолаушыларды тасымалдап жүрген қоғамдық көліктерді ауыстыра- тын уақыт әлдеқашан жетті. Күн сайын тұрғындардан автобустардағы сапасыз қызмет жайлы шағымдар келіп түседі. Сонымен қатар, заӊсыз такси қызметін де тоқтату қажет. Үшіншіден, абаттандыру, ағаш егу жұмыстары одан әрі жалғасып, Қопа көлініӊ жағалауы тұрғындардыӊ сүйікті демалыс орнына айналуына барынша жағдай жасалуы тиіс, - дей келе, жиында айтылған басқа да мәселелерді негізге ала отырып, қала әкімі мен басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны