06.04.2010, 15:02 3349

Көкшетау мен Щучинскіде қылмыстық топқа қатысушы бес адам ұсталды

Көкшетау мен Щучинскіде қылмыстық топқа қатысушы бес адам ұсталды

Көкшетау. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен ҚР ІІМ-нің Ақмола облысы бойынша "Р" басқармасының қызметкерлері Көкшетау мен Щучинскіде қылмыстық топқа қатысушы бес адамды ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен ҚР ІІМ-нің Ақмола облысы бойынша "Р" басқармасының қызметкерлері "Арлан" арнаулы бөлімшесін жұмылдыра отырып, ұйымдасқын қылмыстық топқа қатысушыларды құрықтады".

ІІД ақпаратына сәйкес, "қылмыстық топты ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері өткен жылдан бері бақылауға алған, сөйтіп, мұқият дайындалудың арқасында тәртіп сақшылары оларды ұстау іс-шарасын жүзеге асыра алды".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "бастапқыда ұйымдасқан қылмыстың топтың үш мүшесі қолға түскен. Олардың бәрі де 23 -24 жас аралығындағы Көкшетау тұрғындары. Бұл топ адам ұрлау және азаматтардан ақша бопсалау қылмысымен көптен бері шұғылданып келе жатқаны анықталды".

Қазіргі жағдаймен тергеушілер ұйымдасқан қылмыстың топтың 5 қылмысын, соның ішінде 1,5 млн, 500 мың және 300 мың теңге көлемінде ақша бопсалау, сондай-ақ, өткен жылдың желтоқсан айында адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу қылмысын дәлелдеді. Бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "2 сәуірде ұйымдасқан қылмыспен күрес және есірткі саудасымен күрес басқармаларының қызметкерлері ҰҚКД және "Арлан" арнаулы бөлімшесін жұмылдыра отырып, Щучинск қаласында іс-шараның екінші кезеңін іске асырды. Бұл жолы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушы тағы екі адам құрықталды. Бұлар 1972 және 1968 жылы туған жергілікті тұрғындар".

"Қарақшылардан калибрі 5,45 миллиметрлік АК-ның 15 оғы тәркіленді. Ұсталған кезде олардың бәрі де есірткіге елтіп алған болып шықты", - деп хабарладйы ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны