28.06.2007, 13:05 3040

Көкшетауда Ақмола облысының тұрғындарынан 10 кг астам жарылғыш зат тәркіленді

АСТАНА. 28-маусым. Kazakhstan Today. Көкшетауда жергілікті бір жоғары оқу орнының 1-ші курс студенттерінен 10 кг астам жарылғыш зат - аммонит тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің абспасөз қызметінен хабарлалы.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оперативтік шаралар барысында 27-маусымда қалалық ІІД криминалдық полициясының қызметкерлері 25 жастағы "Казгосстрой" ЖШС жұмысшысы мен А.Мырзахметов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 20 жастағы 1-ші курс студентін құрықтады. Олардың екеуі де Ақмола облысының тұрғындары. "Тексеру барысында олардың жол сөмкесінен 10 кг 400 г аммонит табылды", - деп хабарлайды тәртіп сақшылары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны