28.05.2009, 18:27 2793

Көкшетауда Ақмола облыстық қаржы полициясының аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы пара алу үстінде ұсталды

Көкшетауда Ақмола облыстық қаржы полициясының аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы пара алу үстінде ұсталды

Көкшетау. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Көкшетауда Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Ақмола облыстық департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы 200 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Ақмола облыстық ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҰҚКД мен облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бірлескен жедел іс-шараларының барысында Ақмола облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы, қаржы полициясының майоры ЖШС директорынан 200 мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы алу үстінде құрықталды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "оқиға орнын тексеру барысында ақша табылып, тәркіленді, ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағының "а" тармақшасы бойынша ҰҚКД қозғаған қылмыстық іс аясында бастапқы тергеу амалдары жүргізілуде".

"Ұсталған қаржы полициясының қызметкері Ақмола облыстық ІІД-нің тергеу абақтысында отыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны