05.11.2009, 15:06 2859

Көкшетауда Ақмола облыстық кедендік бақылау департаментінің төрайымы мен оның орынбасары пара беріп жатқан сәтте ұсталды

Көкшетауда Ақмола облыстық кедендік бақылау департаментінің төрайымы мен оның орынбасары пара беріп жатқан сәтте ұсталды

Көкшетау. 5 қараша. Kazakhstan Today - Көкшетау қаласында сәрсенбі күні Ақмола облыстық ҰҚКД қызметкерлері облыстық кедендік бақылау департаментінің төрайымы Нұргүл Жанарбаева мен оның орынбасары Құрышбек Сауранбаевты пара беріп жатқан сәтте ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық прокуратураның тергеу басқармасының бастығы Мақсат Шынәлиевке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, "Жанарбаева мен Сауранбаев республикалық Есеп комитетінің комиссиясының мүшелеріне пара беріп жатқан сәтте ұсталды".

Мақсат Шынәлиевтің мәліметінше, Есеп комитетінің комиссиясы облысқа бюджет қаржысының игерілу жайын тексеру үшін келген. Басқа мемлекеттік мекемелермен қатар комиссия мүшелері кедендік бақылау департаментіндегі бюджет қаржысының игерілу жайын да тексерген. Тексеру барысында заң бұзушылықтар анықталды.

Қазір облыстық прокуратура мен ҰҚКД осы іске байланысты "тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатуына байланысты" жан-жақты түсініктеме беруден бас тартуда".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны