07.08.2017, 19:19 4255

Көкшетауда Б. Сағынтаев нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасыныӊ іске асырылу барысын талқылады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен "Серпін" әлеуметтік жобасын іске асыру барысы жөнінде кеӊес өткізді.

Көкшетау. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен "Серпін" әлеуметтік жобасын іске асыру барысы жөнінде кеӊес өткізді.

Шараға жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардыӊ, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ өкілдері, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардыӊ қазіргі қатысушылары, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысты.

Кездесу аясында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен "Серпін" әлеуметтік жобасын іске асыру мәселелері, бизнес ортаны дамыту, шағын несиелендіру, кәсіби және техникалық білім беру, сонымен қатар жұмыссыздарды оқыту мәселелері қозғалды.

Аталған тақырыптар бойынша ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов, ҚР еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасыныӊ орынбасары Эльдар Жұмағазиев баяндамаларымен таныстырды.

Өз кезегінде көтерілген мәселелер бойынша жеке сектордыӊ позициясын "Новопэк" ЖШС басқарушы директоры Айдар Жақыпов, "Бастау-Бизнес" жобасыныӊ қатысушысы Ольга Проскурина, Қатаркөл ауылыныӊ ауыл шаруашылығы колледжініӊ директоры Сергей Савельев, Щучинск қ. Экология және ауыл шаруашылығы колледжініӊ студенті Жарқынбек Амангелдиев, сондай-ақ "Серпін" жобасыныӊ түлектері Қасымжан Тұрғанбек пен бейнеконференцбайланыс режимінде Мақсұт Сейіткамал ұсынды.

Қозғалған тақырыптар бойынша Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин, Павлодар облысыныӊ әкімі Болат Бақауов, Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Құмар Ақсақалов, Жамбыл облысыныӊ әкімі Кәрім Көкірекбаев, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев, Шығыс Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары Исем Нүсіпова және Қостанай облысы әкімініӊ орынбасары Роза Кемалова түсініктеме беріп өтті.

Өз сөзінде Бақытжан Сағынтаев қазіргі таӊда Үкімет жұмыс орындарын ашудыӊ үлкен әлеуетіне ие жаӊа индустрияларды, сервистік экономиканы және туризм саласын дамытудан тұратын экономикалық өсімніӊ жаӊа моделін құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Икімдіктерге осы қызмет жолында көптеген жұмыстар атқарып, тұрақты жұмыс орындарын ашуға барынша көӊіл бөлу керектігі айтылды.

Іске асыру жұмыстары биыл басталған, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасыныӊ осы бағыттағы орны ерекше. Ол жұмысқа орналасуға көмек көрсету тетіктерінен, жаӊадан бастап жатқан кәсіпкерлерге қолдау көрсету құралдарынан, сондай-ақ қысқамерзімді кәсіби оқыту курстарынан тұрады.

Қатысушылар шара барысында пікір алмасып, қолданыстағы Жұмыспен қамту бағдарламасын жетілдіру туралы ұсыныстарын айтты. Кеӊес қорытындысын шығара отырып, ҚР Премьер-Министрі бағдарлама тиімділігін арттыру мақсатында тиісті шешімдерді қабылдау үшін мемлекеттік органдарға 10 күн ішінде аталған ұсыныстарды жинақтап, оларды ҚР Үкіметіне ұсынуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны