11.04.2014, 19:57 12167

Көкшетауда энергияны тиімді жарықтандыру бойынша БҰҰДБ жобасы таныстырылуда

Семинар жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, білім беру мен ғылым, экономика және бюджеттік жоспарлау идараларының өкілдері, сонымен қатар жергілікті билік орындарының өкілдері қатысады.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Көкшетау қаласында "Бюджеттік ұйымдарда энергияны тиімді жарықтандыру" семинары өткізіледі.

Семинарды ұйымдастырушылар - ҚР ИЖТМ, Ақмола облысы әкімдігі, БҰҰ Даму Бағдарламасы мен ТКШ Ұлттық Палатасы.

Семинар мақсаты - бюджеттік ұйымдарды ынталандыру шаралары жөніндегі ақыл-кеңестерді талқылау және қабылдау, жалпы білім беру мекемелерінде сынамалық жобалар барысында қол жеткізілген энергиялық тұрғыдан тиімді жарықтандыруды ендірудің нәтижелерін көрсету, деп ҚР ИЖТМ Өндірістік комитетінен хабарлады.

"Қазақстанда энергиялық тұрғыдан тиімді жарықтандыруды ілгерілету" БҰҰДБ/ҒЭҚ жобасы Шығыс Қазақстан облысындағы 3 мектеп пен Ақмола облысындағы 4 мектепте жарықтандыруды жаңарту жөніндегі сынамалық жобаларды іс жүзіне асырды.

Бұл энергиялық тұрғыдан тиімділікті арттыру мен пайдалану шығыны арасындағы, жалпы энергияны тұтынуды төмендету және атмосфераға парниктік газдарды бөлудің ілеспе түрде азаюының қажетті арақатынасын қарастыруға жол ашты.

Семинар жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, білім беру мен ғылым, экономика және бюджеттік жоспарлау идараларының өкілдері, сонымен қатар жергілікті билік орындарының өкілдері қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны