19.02.2009, 18:59 3265

Көкшетауда кісі қолынан қаза тапқан сегіз жасар ұлдың мәйіті табылды

Көкшетауда кісі қолынан қаза тапқан сегіз жасар ұлдың мәйіті табылды

Көкшетау. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Көкшетауда 18 ақпанда кешкі сағат 5 шамасында солтүстік өндірістік аймақ аумағында қараусыз қалған ғимараттан кісі қолынан қаза тапқан сегіз жасар ұлдың мәйіті табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, оқиға орнына облыстық ІІД мен Көкшетау қалалық ІІБ-ның жедел тергеу тобы барған. "Бала қатты соққыға жығылған. №17 орта мектептің 2-ші сынып оқушысы хабар-ошарсыз кеткен жан ретінде іздеуде болған, мәйіт табылардан бір күн бұрын, 17 ақпанда баланың ата-анасы оның жоғалып кеткенін хабарлаған. Ата-анасының айтуынша, бала күндізгі сағат 12.30 шамасында мектепге кеткеннен қайта оралмаған", - деп хабарлайды ІІД.

ІІД-нің тергеу органдары бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 96-шы бабының 2-тармағы бойынша (асқан қатігездікпен кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғады. Қылмысты әшкерелеу үшін тәжірибелі қызметкерлерден жедел тергеу тобы құрылды, полицияның күш-құралдары оны ашуға барынша шоғырландырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны