16.07.2014, 22:12 1677

Көкшетауда өрт сөндірушілер үшін семинар өтті

Семинар қорытындысы бойынша тапсырылатын техниканың техникалық және конструктивтік сапасы бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар жасалды.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Мемлекеттік-жеке серістестікті жетілдіру мақсатында Көкшетауда Өртке қарсы қызмет комитеті, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті, облыстар, Астана және Алматы қалалары өрт сөндіру қызметтері қызметкерлерінің, сондай-ақ өрт сөндіру техникасын шығаратын және жөндейтін мамандандырылған отандық зауыттар мен кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті, деп ҚР ТЖМ хабарлады.

Семинарға "Уральскагрореммаш" АҚ, АО"Камаз-Инжиниринг" АҚ, "811 авторемонтный завод КИ" АҚ мен "Алматинский Автоцентр КАМАЗ" ЖШС ресей-қазақстан бірлескен кәсіпорының өкілдері қатысты.

Шара аясында "Камаз-Инжиниринг" АҚ бас директоры С.А. Кистин тұсаукесер өткізіп, зауыттың өндірістік цехтарын аралау жұмысын ұйымдастырды. Оның барысында қатысушыларға дайындау және шығарылатын өрт сөндіру техникасын жинау кезеңінің барлық циклы көрсетілді. Зауыт аумағында соңғы жылдары Ақмола облысы өрт сөндіру қызметінің иелігіне берілген қосымша отандық өрт сөндіру техникалары, сондай-ақ гарнизонның күрделі жөндеуден өткен өрт сөндіру автомобильдерінің көрсетілімі өтті.

Күннің екінші жартысы сатып алынатын отандық өрт сөндіру техникасын қолдану барысында туындаған мәселелер бойынша ақпарат алмасу мен оларды талқылауға арналды.

Семинар қорытындысы бойынша тапсырылатын техниканың техникалық және конструктивтік сапасы бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар жасалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны