03.04.2007, 17:15 3031

Көкшетауда прокуратура Өзбекстаннан заңсыз келген 36 азаматты анықтады

АСТАНА. 3- сәуір. Kazakhstan Today. Көкшетауда прокуратура Өзбекстаннан заңсыз келген 36 азаматты анықтады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, көші-қон заңының қолданылуын тексеру барысында Өзбекстанның 36 азаматын құрылыс жұмыстарына заңсыз тарту дерегі анықталған. "Заңсыз келген азаматтарына қалада спорт кешенін салып жатқан Қостанай облысының "Строй Стиль 1" ЖШС - құрылыс фирмасы жұмысқа қабылдаған. Өзбекстаннан келген жұмысшылар қызмет көрсету шартының негізінде Көкшетаудағы № 1 кәсіби лицейдің жатақханасында тұрған",- деп түсіндірді прокуратурадағылар.

Прокурорлық тексеру нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 іс қозғалған : "оқу мекемесінің директорына қатысты - Қазақстан Республикасының Икімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 395-бабы бойынша (шетел азаматтарын тіркеуге шара қолданбағаны үшін), құрылыс фирмасының директорына қатысты - Қазақстан Республикасының Икімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 396-бабы бойынша (шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін) және Өзбекстан азаматтарына қатысты - Қазақстан Республикасының Икімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 394-бабы бойынша (Қазақстан Республикасына шетелдіктердің келу ережесін бұзғаны үшін)".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны