26.03.2007, 19:03 3224

Көкшетаудың екі тұрғыны метамфитамин дайындап сатқаны үшін ұсталды

АСТАНА. 26-наурыз. Kazakhstan Today. Ақмола облыстық ҰҚКД қызметкерлері Көкшетаудың екі тұрғынын метамфитамин дайындап сатқаны үшін ұстады. Бұл тураплы Kazakhstan Today агенттігіне ҰҚК баспасөз қызметінен хабарлады.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, ұсталғандар ұзақ уақыт бойы үй ахуалында метамфитамин жасап, Астана мен Көкшетаудағы жастар жиналатын жерлерде - барлар мен би алаңдарында сататын болған.

Ұсталғандардан психотроптық заттың 20 дозасы тәркіленді.

Бұл дерек бойынша ҰҚКД-нің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 3-тармағы, "а" және "б" тармақшалары бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны