31.03.2016, 23:27 7290

Көктемгі шақыру шеӊберінде орта білімі бар шақырылушыларға ерекше назар аударылады

Ертеӊ Қазақстанда көктемгі шақыру науқаны басталады. Биылғы жылы мерзімді әскери қызметке кейінге шақырылуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы, сондай-ақ оқу орындарынан босатылған, жасы 27-ге толмаған және шақырылым бойынша әскери қызметтіӊ белгіленген мерзімін өткермеген 30 мыӊға жуық қазақстандық шақырылуға жатады

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Ертеӊ Қазақстанда көктемгі шақыру науқаны басталады. Биылғы жылы мерзімді әскери қызметке кейінге шақырылуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы, сондай-ақ оқу орындарынан босатылған, жасы 27-ге толмаған және шақырылым бойынша әскери қызметтіӊ белгіленген мерзімін өткермеген 30 мыӊға жуық қазақстандық шақырылуға жатады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ирбір шақыру науқаныныӊ өзіндік ерекшеліктері болады. Көктемде орта-арнаулы және орта білімі бар бозбалалар шақырылады. Себебі, Қарулы Күштер мен басқа да әскерлерге заманауи қару-жарақ пен әскери техника келіп түседі. Оларға қызмет көрсету қажет, функционалдық міндеттерді орындау үшін дайындалған мамандар керек. Дайындық жұмысы барысында шақырылушыларды зерделеу, алдын ала медициналық комиссия жүргізіледі. Осы жұмыс негізінде шақырылушылардыӊ тізімі жасалады", - деді ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығыныӊ орынбасары полковник Амантай Үсербаев, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен.

2016 жылғы қаӊтар мен наурыз айы аралығында Қазақстан бойынша шақыру учаскелеріне 1999 жылы туылған 100 мыӊға тарта азамат тіркелгенін естеріӊізге сала кетейік. Балалар үйініӊ тәрбиеленушілеріне, мектеп-интернаттарыныӊ шәкірттері мен жетім балаларға, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасылардыӊ балаларына, әсіресе, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ Кадет корпусына ерекше көӊіл аударылды.

Қазіргі уақытта 2 мыӊға жуық адам Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ әскери оқу орындарына түсуге ниет білдіріп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны