29.06.2017, 19:56 3936

"Көктерек" ғарыштық байланыс орталығына 4 жыл толды

Осыдан төрт жыл бұрын, 2013 жылғы 28 маусымда, ғарыштық инфрақұрылымныӊ жаӊа объектісі - Алматы облысындағы "Көктерек" кентімен аттас атауға ие болған KazSat ғарыш аппараттарын (ҒА) резервтік жерүсті басқару кешені мен байланыс мониторингі жүйесі пайдалануға қабылданды.

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 28 маусымда "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ (РҒБО) айтулы күнді атап өтті. Осыдан төрт жыл бұрын, 2013 жылғы 28 маусымда, ғарыштық инфрақұрылымныӊ жаӊа объектісі - Алматы облысындағы "Көктерек" кентімен аттас атауға ие болған KazSat ғарыш аппараттарын (ҒА) резервтік жерүсті басқару кешені мен байланыс мониторингі жүйесі пайдалануға қабылданды.

"Көктерек" ғарыштық байланыс орталығы (ҒБО) - жұмыс істеп тұрған "Ақкөл" ҒБО-ға ұқсас құрылған қазіргі заманғы технологиялық орталық. Пайдалануға берілгеннен бастап үш айдан кейін орталықты "KazSat-3" жобасы бойынша жаӊғырту және қайта құру жүргізілді.

"Көктерек" ҒБО "KazSat" сериялы ҒА берілген техникалық және баллистикалық сипаттамаларын резервтік басқаруға, бақылауға, қолдауға, қазақстандық байланыс және хабар тарату спутниктерініӊ пайдалы жүктемесініӊ мониторингіне арналған. Бүгінгі күні "Көктерек" ҒБО әлеуеті оны мақсаттық бағытында пайдаланумен қатар иелігіндегі инфрақұрылымды өз спутниктік желілерініӊ үздіксіз және тиімді жұмыс істеуіне, сондай-ақ перспективалық жобалардыӊ дамуына мүдделі спутниктік байланыс компанияларына ұсынуға мүмкіндік береді.

"Көктерек" ҒБО базасында спутниктік және жерүсті байланыс желілері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бірінші қазақстандық Телепорт құрылды,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігініӊ баспасөз-қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны