03.09.2012, 14:45 3302

"Көлеңкелі" экономика үшін заңдық кедергі құру маңызды

"Көлеңкелі" экономика үшін заңдық кедергі құру маңызды. Бүгін ҚР Парламентінің бесінші шақырылымының екінші сессиясының ашылуы барысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді.

Астана. 3-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Көлеңкелі" экономика үшін заңдық кедергі құру маңызды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Көлеңкелі" экономика үшін заңдық кедергі құру маңызды. Бүгін ҚР Парламентінің бесінші шақырылымының екінші сессиясының ашылуы барысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді.

"Бюджет қаражатын "көлеңкеге" бұрып әкетудің жолын кесу жұмысы барынша маңызды. Біз бұл туралы көп айттық. Үкімет те жұмыс істеп жатыр. Алайда, соған қарамастан "көлеңкелі" экономика әжептәуір ауқымға ие болып отыр", - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Президент Үкіметке мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздарын бақылауды да тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны