27.05.2015, 10:26 3601

Көлік полицейлері көші-қон заӊнамасын бұзған 239 шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты

ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментініӊ Көші-қон полициясы басқармасы мен оныӊ желілік бөліністерінде ҚР көші-қон заӊнамасын бұзуға жол бермеу және анықтау мақсатында Департаменттіӊ қызмет көрсету аумағында көші-қон процестерін бақылауды қаматамасыз етуге бағытталған "Заӊсыз келуші-2015" іс-шарасы жүзеге асырылды

Астана. 27 Мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментініӊ Көші-қон полициясы басқармасы мен оныӊ желілік бөліністерінде ҚР көші-қон заӊнамасын бұзуға жол бермеу және анықтау мақсатында Департаменттіӊ қызмет көрсету аумағында көші-қон процестерін бақылауды қаматамасыз етуге бағытталған "Заӊсыз келуші-2015" іс-шарасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні? тілшісі.

Шара барысында көші-қон заӊын бұзу бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды, оныӊ -1-еуі ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заӊсыз кесіп өтуге (ҚР ҚК 392-бабы), 4-уі ҚР аумағынан тысқары шығарып жіберу туралы соттыӊ шешімін орындамауға (ҚР ҚК 393-бабы), 1-еуі заӊсыз көші-қон ұйымдастыруға (ҚР ҚК 394-бабы) қатысты.

Қазақстан Республикасында шетелдіктердіӊ болу қағидаларын бұзған 239 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оныӊ 228-і ТМД азаматтары, 11-і алыс шетел азаматтары.

Сондай-ақ, сот қаулысымен 29 құқықбузушы ҚР аумағынан тысқары шығарылды (ТМД-27, АШ-2).

Мәселен, көлік полицейлері Бейнеу станциясында "Маӊғышлақ- Қоӊырат" бағытындағы жолаушылар поезыныӊ жолсерігі, 31 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Ол көлік құралдары арқылы шетел азаматтарыныӊ заӊсыз жолмен ҚР аумағына келуіне қызмет көрсетіп, заӊсыз көші-қон ұйымдастырған. Қазіргі уақытта аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-ніӊ 394-бабына (Заӊсыз көші-қон ұйымдастыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Шетел азаматтарыныӊ жұмыс күші мен еӊбек иммигранттарын тартуға қатысты ҚР ИҚБтК-ніӊ 519-бабыныӊ 1-бөлімі, яғни жұмыс берушiнiӊ шетелдiк жұмыс күшiн жергiлiктi атқарушы органныӊ рұқсатынсыз тартуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдiктердіӊ және азаматтығы жоқ адамдардыӊ еӊбегiн пайдалану бойынша Қазақстан Республикасыныӊ 3 азаматына әкімшілік жаза қолданылды.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны