14.04.2008, 16:14 3234

Көлік терезелерінің бүркемелерін алу жұмыстары бір реткі акция емес - Алматы қалалық жол полициясы басқармасының бастығы

Көлік терезелерінің бүркемелерін алу жұмыстары бір реткі акция емес - Алматы қалалық жол полициясы басқармасының бастығы

Алматы. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Көлік терезелерінің бүркемелерін алу жұмыстары бір реткі акция емес. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының жол полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Арман Сарбасов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. "Бүркемеленген терезелермен жұмыс жүргізу бір реткі акция емес. Қазір барлық көлік құралдарын жол қозғалысы ережесіне сәйкестендіру жөніндегі ақпаратпен барлық мемлекеттік ұйымдар таныс", - деді А. Сарбасов.

Оның айтуынша, негізінен жүргізушілердің өздері-ақ жол полициясының қызметкерлерінің көмегінсіз көліктерінің алдыңғы терезесінің бүркемесін алып тастаса құба-құп болар еді. Себебі, бұл жол полициясының қызметкеріне көлікті басы артық тоқтатуға сылтау болады. Жүргізушіге басы артық талаптар қойылады. Менің пайымдауымша, жүргізушілер өздерінің уақыттарын зая кетірмеу үшін осыны түсінулері қажет".

Басқарма бастығы көліктің алдыңғы терезесі мен алдыңғы екі қапталдағы терезе бүркемеленбеуі тиіс екенін еске салды. Жол қозғалысы ережесіне сай екі жақ қапталда айналар болған жағдайда көліктің артқы терезесінде пердеше қоюға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, ол артқы қапталындағы терезелер бүркемеленген көліктерге жол полициясының қарсылығы жоқ екенін атап көрсетті.

Жол полициясы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, бірінші тоқсанда желдеткіш және алдыңғы қапталдағы терезелерді бүркемелеу бойынша 18 453 заң бұзушылық анықталып, олардың ішінде оқиға орнында бүркеме алудың 3915 оқиғасы тіркелген. 14 538 жүргізушіге айыппұл салынып, 762 көлік құралын пайдалануға тыйым салынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны