17.06.2014, 20:24 3167

Көлік және коммуникация министрлігі әлеуметтік маңызы бар 8 әуе бағытын субсидиялайды

"Қазақстанда әуе бағыттарын субсидиялау тәжірибесі қалыптасқан. Оның аясында қазіргі таңда 1,3 млрд теңгеге 8 әуе бағыты субсидиялануда. Субсидиялау көлемі соңғы үш жылда өзгеріссіз келе жатыр. Алайда әкімдер мен депутаттардың ұсыныстарын ескеріп 7 млрд теңгелік бюджеттік комиссияны қарауға ұсынамыз. Бюджетті қолдау жағдайында біз осы қаражат есебінен әлеуметтік мұқтаж рейстерді төмендетер едік", - дейді министр.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. Биыл Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі әлеуметтік маңызы бар 8 әуе бағытын субсидиялайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында мәлімдеді.

"Қазақстанда әуе бағыттарын субсидиялау тәжірибесі қалыптасқан. Оның аясында қазіргі таңда 1,3 млрд теңгеге 8 әуе бағыты субсидиялануда. Субсидиялау көлемі соңғы үш жылда өзгеріссіз келе жатыр. Алайда әкімдер мен депутаттардың ұсыныстарын ескеріп 7 млрд теңгелік бюджеттік комиссияны қарауға ұсынамыз. Бюджетті қолдау жағдайында біз осы қаражат есебінен әлеуметтік мұқтаж рейстерді төмендетер едік", - дейді министр.

Субсидиялау бағдарламасының басты міндеттемесі - республика өңірлерімен елорданы байланыстыру. Атап айтар болсақ, олар Астана- Петропавл, Астана-Жезқазған мен өзге де бағыттар.

Сонымен қатар, оның айтуынша, осы аптадан бастап Астана-Павлодар жолын жөндеуді ескере отырып Астана-Павлодар әуе бағытын субсидиялау басталады. Билет құны 18 мың теңге болмақ. Екі аптадан кейін Көкшетау-Ақтау бағыты субсидияланбақ.

"Біздің пікірімізше, алдағы төмендету әлеуеті бірінші кезекте әуе керосиніне байланысты. Өйткені бюджет есебінен біз ең көп әлеуметтік маңызы бар 20 бағытты ғана субсидиялай аламыз", - дейді.

Субсидиялау бағдарламасының ақырғы мақсаты әуе тасымалы жолаушыларының санын арттыру.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны